gov.kz
Меню

«Тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз ету ор­та­лы­ғы» элек­трон­дық ба­за­сы­на есеп­ке қою» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өту сізді интернет-ресурсқа қайта бағыттайды orken.otbasybank.kz.
  2. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен orken.otbasybank.kz авторизациядан өту.
  3. "Өтінім беру" батырмасын таңдап, тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қоюға өтінішке қол қойып және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою керек.
  4. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру үшін 1414-тен кіріс SMS-ке жауап беру.
  5. Отбасы мүшелері болған жағдайда, олар дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге orken.otbasybank.kz арқылы ЭЦҚ көмегімен қол қоюы керек.
  6. Өтініштің мәртебесімен танысу және тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою туралы өтініш бойынша шешім қабылдауды күту.
Результат оказания услуги

Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тарту.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жыл iшiнде өзінің тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауының нәтижесіне мұқтаж болғаны анықталса:
тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
тұрғын үйдi жергiлiктi атқарушы орган сатып алған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елдi мекенiнде тұрғанына қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi тұруға жарамды тұрғын үйдi иелiгiктен шығару;
оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң бұзылуы немесе бүлiнуi;
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйден шыққан;
жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды қоныстандыру;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
«Тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз ету ор­та­лы­ғы» элек­трон­дық ба­за­сы­на есеп­ке қою» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - 1 жұмыс күні;
Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде - 3 жұмыс күні

Услугу оказывает
"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы
Место предоставления услуги
www.otbasybank.kz интернет-ресурсы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы