Na početak

Тұрғын үй көмегін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қалай алуға болады?


Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны алу үшін Сізге«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» МКК (ХҚО) филиалына келіп , келесі құжаттармен бірге өтініш беру қажет:

  • жеке куәлік;
  • отбасының табысын растайтын құжаттар;
  • жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент төлеу туралы мәліметтер;
  • банк шоты;
  • тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар сомасы бойынша шоттар;
  • коммуналдық төлемдер;
  • телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот-фактура немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;
  • жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот-фактура.

Ыңғайлы болу үшінХҚКО-да кезекті онлайн брондау ұсынылады.