#OpenSpace

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН КӨТЕРМЕ САУДАЛАЙТЫН СУБЪЕКТІЛЕРМЕН OPEN SPACE ӨТТІ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН КӨТЕРМЕ САУДАЛАЙТЫН СУБЪЕКТІЛЕРМЕН  OPEN SPACE ӨТТІ

          2022 жылғы 6 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті дизель отынын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерімен дизель отыны нарығындағы ағымдағы жағдай туралы Open Space форматында жедел кеңес ұйымдастырды.

          Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығына сәйкес мұнай өнімдерін, оның ішінде дизель отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген.

          Кеңес барысында субъектілер дизель отынының тапшылығы байқалатынын, дизель отынын сатып алу мүмкіндігі жоқ екенін және жоғарыда көрсетілген бұйрықтың қолданысқа енгізілуіне байланысты нарық субъектілерінде дизель отынын өткізу кезінде көптеген мәселелер туындайтынын хабарлады.

         Бұл ретте Департамент басшылығы дизель отынын өткізуді шектеу, өткізуден негізсіз бас тарту және т.б. фактілері болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау үшін Департаментке ақпарат жолдауды ұсынды.

         Кеңес қорытындысы бойынша, Департамент жанынан құрылған тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесте нарық субъектілерінің өзекті мәселелерін қарау ұсынылды.

Новости
Дата публикации: 08.09.2022
ДОМОФОН ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕРІМЕН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ OPEN SPACE
ДОМОФОН ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕРІМЕН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ OPEN SPACE

2022 жылғы 21 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті домофон жүйелерін орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын нарық субъектілерімен Open Space форматында жедел кеңес ұйымдастырды. Кеңеске тұтынушылардың ай сайынғы абоненттік төлем мәселесі бойынша он компания қатысты. Кездесу домофон ұйымдарының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы тұрғысындағы іс-қимылдарын қарау бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде ұйымдастырылды.

Осы мақсатта Департамент домофон жүйелерін орнату және оларға техникалық қызмет көрсету нарығында көрсетілетін қызметке талдау жүргізіп жатыр. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы департамент ден қою шараларын қабылдайды.

Новости
Дата публикации: 30.06.2022
АНОНС - OPEN SPACE - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК
АНОНС - OPEN SPACE - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

28 мамырда сағат 11.00-де ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА алаңында бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестік тақырыбында Open Space өткізеді.

- тұрғын үй бағасы неліктен өсіп жатыр;

- жаңа пәтердің шаршы метрінің құнына не кіреді және ондағы құрылыс материалдарының құрамы қандай;

- тұрғын үй нарығының көлемі және оны сату тетіктері;

-- зейнетақы төлемдерін тұрғын үй сатып алуға пайдалану және қолданыстағы шектеулер;

- монополияға қарсы ден қою шаралары;

ІС-ШАРАНЫҢ СПИКЕРЛЕРІ:

  • ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин,
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев,
  • Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының президенті Виктор Микрюков,
  • Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Open Space алаңындағы талқылаулар тікелей эфирде өтеді, барлық сұрақтарды трансляция чатындағы түсіндірмелерде қоюға болады

 http://media.inform.kz/ru/video/2636

Новости
Дата публикации: 27.05.2021
  • 1