«МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


1991 жылғы 7 маусымда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 7 маусым ресми түрде кәсіби мереке – монополияға қарсы орган қызметкерлері күні деп танылды.
2021 жылғы 7 маусым ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ бірлесіп Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізеді «Мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын арттырудағы бәсекелестік саясаттың рөлі».
2021 жылғы 7 маусым, онлайн
14.00, Нұр-Сұлтан қ. уақыты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік жөніндегі министрінің, Еуразиялық одаққа қатысушы елдердің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары мен өкілдерінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының сөз сөйлеуі жоспарланған.
Тіркеліңіз және Қазақстанда және ЕАЭО-да бәсекелестік саясатты дамыту перспективалары, монополияға қарсы реттеудің новеллалары және бәсекелестікті қорғаудың кәсіби сарапшылық қоғамдастығының жәрдемдесуі туралы біліңіз.
Іс-шара бағдарламасы https://clck.ru/Uv3kf
Тіркеу https://docs.google.com/.../1FAIpQLSc2YixK96W3dv.../viewform
25 мамыр 2021
Дөңгелек үстел