АНОНС OPEN SPACE ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

АНОНС OPEN SPACE ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

6 мамырда сағат 11-де Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚазАқпарат Халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалындағы бәсекелестік тақырыбында Ореп Space өткізеді.

- Қалалық көлік жүйесіндегі қоғамдық көліктің маңызы;

- Жолаушылар тасымалы нарығындағы мемлекеттің қатысу үлесі және оның жеке тұлғалар үшін салдары;

--Әлеуметтік маңызы бар маршруттар үшін субсидиялардың қолжетімділігі;

-Автобус парктерін жаңартуды лизингтік қаржыландыру;

-Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар;

-Агрегаторлар - такси Яндекс, Юбер және цифрлық реттеу;

Қоғамдық көлік нарығының осы және басқа да өзекті мәселелері  6 мамырда Open Space-те талқыланатын болады.

Іс-шараның спикерлері: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов, Қазақстан автокөлік қызметкерлері одағының басшысы Сәбит Аманбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай.

Опен спейс алаңындағы талқылаулар тікелей эфирде өтеді, барлық сұрақтарды ҚазАқпарат Youtube-арнасындағы түсініктемелерге жазыңыздар.

https://www.youtube.com/user/kazinform

 

Оқиға күні

03 мамыр 2021

Оқиға түрі

Басқа