АНОНС OPEN ЅРАСЕ «САУДА ЖЕЛІЛЕРІ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК» 2020 ЖЫЛҒЫ 25 ЖЕЛТОҚСАН, САҒАТ 12-00

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Сауда желілері саласындағы бәсекелестік» тақырыбында онлайн режимінде Open Ѕрасе өткізілетінін хабарлайды.

Қазақстанда бөлшек сауда ритейлі сегментінде ірі халықаралық желілер мен жергілікті ритейлерлер жұмыс істейді. Қазіргі кезде өңірлік желілерді кеңейтетін нарықтың кейбір ойыншыларының шоғырлануының күшеюі және сондай-ақ оның ішінде шетелдік ойыншылардың кетуі байқалады. Желінің ең үлкен гипермаркеттерінің бірі тұжырымдаманы «үйдегі дүкендер» деп өзгертті.

 

Бөлшек саудадағы бәсекелестікті дамытудың негізгі кедергілері:

 

- сатып алу қабілетінің төмендеуі және тұтынушылық бағалардың өсуі;

-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалық реттеу;

- жаңа өндірушілерге (белгісіз брендтер) кіруді шектеу;

- жеткізушілерді жеңілдіктер беруге міндеттейтін маркетингтік қызметтерді күштеп таңу;

- сатылмаған өнімдерді қайтару. .

 

Қазақстандық ритейлерлерге бизнесті тиімді дамыту үшін не қажет? Осы және басқа да мәселелерді нарықтардың ірі қатысушыларымен Open Space алаңында талқылау жоспарланып отыр.

 

Open Space алаңына қатысушылар:

 

- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин;

-  Сауда желілері одағы ЗТБ президенті / Magnum Cash&Carry Азамат Османов;

-  «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті Руслан Шәріпов;

-  «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы»
ЗТБ президенті Айжан Наурызғалиева;

-  «Қазақстанның ет одағы» ЗТБ бас директоры Мақсұт Бақтыбаев;

-  бөлшек сауда нарығының басқа да өкілдері.

 

БАҚ өкілдерін ZOOM конференциясына акрредиттеу және сілтеме алу үшін Т.А.Ә, БАҚ атауын, ұялы немесе arahimova13@gmail.com электрондық пошта email-ға жолдауыңызды немесе 7 (7172) 75 16 41, +7 701544 16 59 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз.

 

Оқиға күні

24 желтоқсан 2020

Өткізу орны

Zoom

Оқиға түрі

Интернет-конференция

Кіру

аккредитация