ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері дебатқа қатысты.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері  дебатқа қатысты.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбындағы дебатқа қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының философиясында көрініс тапқан рухани-адамгершілік құндылықтардың өзектілігін, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіндегі маңызын талқылады.

Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, қызметтік міндеттерді адал орындау және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дебат қорытындысы бойынша Агенттік қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін дамытуға, адамгершілік қағидаттарын нығайтуға және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын мемлекеттік қызметшілер арасында кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Оқиға күні

20 қазан 2026

Оқиға түрі

Кездесу