АГЕНТТІК ЖАНЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


2026 жылғы 11 ақпанда бейнеконференцбайланыс режимінде Бикебаев А.Ж.-ның төрағалығымен, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ахметов Р.Н.-ның, Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелерінің және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кедергілер жөніндегі кеңес) отырысы өтті.
Отырыста республикалық Кедергілер картасының орындалу мәселелері қаралды.
Белсенді талқылау және сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері анықталған кедергілерді жоюға бағытталған жұмысты жалғастыруды, қаралатын салаларды реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді, көтерілген мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуді, сондай-ақ кедергілерді қарау нәтижелері бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп жүйелі жұмысты тұрақты негізде жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар, қаралған кедергілердің жойылуына, тиісті саладағы заңнаманың өзгеруіне, өзектілігінің жойылуына және орындалуы міндетті сот шешімдерінің болуына байланысты республикалық Кедергілер картасынан жекелеген тармақтарды алып тастау туралы шешім қабылданды.
23 ақпан 2026
Кеңес