АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2024 жылғы 17 қыркүйек күні  Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Ашық есік күні аясында жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары, мемлекеттік қызметке түсу және өту тәртібі түсіндіріліп, тиісті әдістемелік көмек көрсетілді. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз департаменттерінің қызметі туралы ақпарат ұсынды.

Айта кету керек, бұл Агенттік өкілдерінің түлектер мен студенттермен алғашқы кездесуі емес. Бұл іс-шара Агенттіктің ашықтық және жариялылық қағидаттарына адалдығын көрсетті.

Оқиға күні

23 қыркүйек 2024

Оқиға түрі

Кездесу