«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ


Осы Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 48), 49) және 52) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысаны шағым жасау тәртібімен толықтырылды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені азайту мақсатында сұрау салу бойынша (қажет болған жағдайда) ақпарат алу мүмкіндігін көздейтін тоқсан сайынғы есептілікті жою ұсынылады.
Сондай-ақ келісу комиссиясы қабылдайтын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы шешімге сәйкес, тексеру нәтижелері тиісті актімен рәсімделетін және оған лауазымды адамдар қол қоятын басқа тексеру және қадағалау органдарының практикасына сәйкес келетін тәсіл ұсынылады.
Барлық мүдделі тұлғаларды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15144958 сілтемесі арқылы «Ашық НҚА» порталында немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/695703?lang=ru сілтемесі арқылы танысуға болатын бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.
Бұйрық жобасына ұсыныстар мен ескертулер S.Mukhametzhanova@azrk.gov.kz электрондық поштасына қабылданады.
23 шілде 2024
Хабарландыру