БҚДА ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ


2024 жылғы 5 шілдеде А.Ж. Бикебаевтың төрағалығымен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланысты пайдалана отырып, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Негізгі күн тәртібі Агенттіктің ақпараттық ашықтығын жақсартуға және «Самұрық-Қазына» Қоры мен оның еншілес құрылымдарын монополиясыздандыру мен жекешелендіру кезеңдеріне байланысты мәселелер болды.
Отырыс белсенді пікір алмасумен сипатталды, бұл Агенттіктің «халық үніне құлақ асатын» мемлекет қағидаттарына берілгендігін растайды. Пікірталас барысында Қоғамдық кеңес Агенттікке бірқатар маңызды ұсыныстар берді. Агенттіктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бұл қоғамдық сенім мен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауды арттырады.
Сонымен қатар, ірі мемлекеттік активтерді жекешелендіру процесіне неғұрлым мұқият бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің алдын-ала отырыстарында Жекешелендіру бойынша Ұлттық кеңсесінің материалдарын қарау ұсынылды.
10 шілде 2024
Кеңес