БҚДА Төрағасы Марат Омаров бәсекелестік, реттеу және даму бойынша CUTS-CIRC 8-ші конференциясына қатысты


Ағымдағы жылдың 10 қазанында Агенттік Төрағасы Марат Омаров экономиканың әлеуметтік сезімтал секторларындағы басымдықтарды анықтауға арналған бәсекелестік, реттеу және даму жөніндегі 8-ші CUTS-CIRC конференциясына қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі
CUTS-CIRC конференциясын (екі жылда бір рет өткізіледі) CATS реттеу және бәсекелестік институты БРИКС бәсекелестік құқық және саясат орталығымен, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен және Еуропалық Университет институтымен бірлесіп ұйымдастырады.
Марат Омаров "Жұмыспен қамту және GIG - экономика – бәсекелестік пен реттеудің рөлі" сессиясында Қазақстандағы бәсекелестікті реттеу, мемлекеттен шығару және қызметкерлердің мүдделері туралы баяндама жасап, Агенттіктің кейстерімен, оның ішінде цифрлық платформалар нарықтарындағы бәсекелестікті бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бөлісті.
Конференцияға қатысушылар денсаулық сақтау және тамақ өнеркәсібі саласындағы сауда және бәсекелестік мәселелерін талқылады.

10 қазан 2023
Конференция