БҚДА-ДА "ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ


Ағымдағы жылдың 4 маусымында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі — Агенттік) өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметте "Әдеп кодексінің негізгі ережелері" тақырыбында семинар өтті.
Аталған семинар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Олар "Мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.
Сондай-ақ парасаттылық атмосферасын құру туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алу туралы.
Іс-шара барысында БҚДА-ның орталық аппараты мен өңірлік департаменттерінің өкілдері өз сұрақтарын қойып, пікірталасқа белсенді қатысты.
Айта кетейік, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қызметкерлер үшін тұрақты негізде семинарлар, тренингтер өткізеді, сондай-ақ мемлекеттік органның басшылығы азаматтарды қабылдайды.



09 шілде 2023
Семинар