Монополияға қарсы органның алқасы өткізілді


«Монополияға қарсы органмен өткен жылы 20 негізгі тауар нарықтарына талдау жүргізіліп, бизнеске мемлекеттік қатысудың жоғары деңгейін төмендету, ОЭК және АӨК нарықтарында биржалық сауда көлемін ұлғайту, шектеулі ресурстарды бірлесіп пайдалану тетігін жетілдіру (жер, радиожиіліктер), мемлекеттік қолдау тетігін қайта қарау, жаңа кәсіпкерлерге нарыққа кіру кедергілерін алып тастау және шектеу үшін қайта реттеу, ТКШ саласындағы қызмет операторларының ауысу тетіктерін құру бойынша шаралар кешенімен (104 іс-шара) бәсекелестікті дамыту бойынша Жол картасы бекітілді» деп хабарлады Рустам Ахметов.
Сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту бойынша Жол картасын қабылдау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы, комитеттің бақылау функцияларын іске асыру туралы, азық-түлік тауарлары нарықтарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, және де «Yellow Pages Rules» қағидаттарында мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы Төрағаның орынбасарлары сөз сөйледі.
Алқа жұмысы барысында монополияға қарсы орган қызметінің қорытындыларымен қатар Департаменттермен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Алқа қорытындысы бойынша Комитет төрағасы монополияға қарсы орган қызметінің көрсеткіштерін жетілдіру және арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға тапсырма берді.
24 ақпан 2020
г.Нур-Султан, ул.Мангилик ел 8
Отырыс