ХАБАРЛАМА - VII ЕУРАЗИЯЛЫҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ФОРУМ


2021 жылы 7-8 қазанда Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтеді http://www.eurasianantitrustforum.com/
Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ.
Форум Еуразия құрлығы аумағындағы ұлттық және трансшекаралық нарықтарды монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес өкілдерінің өзара практикалық тәжірибе мен пікір алмасулары үшін салмақты халықаралық алаң болып табылады.
VII форумның негізгі тақырыптары:
* Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың және тергеу жүргізудің жаңа тәсілдері
* Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік бұзылған жағдайда нарық субъектілерінің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктері
* Бәсекелестер арасындағы дауларды шешу тәжірибесі
* Нарық субъектілерінің мүдделерін қорғау практикалық сұрақтары
* Монополияға қарсы комплаенс – монополияға қарсы тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі.
Форум спикерлері:
Жұманғарин Серік Мақашұлы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Шаккалиев Арман Абаевич
Еуразиялық экономикалық комиссияның
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі
Цыганов Андрей Геннадьевич
Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметі басшысының орынбасары
Вежновец Иван Валерьевич (онлайн)
Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда Министрінің бірінші орынбасары
Фредерик Женни (Mr. Frederic Jenny) (онлайн)
ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы
Тиряки Фаик Метин (онлайн)
Түркияның бәсекелестік жөніндегі ведомствосының вице-президенті, Халықаралық бәсекелестік желісінің басқарушы және жұмыс топтарының мүшесі
Тереза Морейра (онлайн)
ЮНКТАД бәсекелестік саясат және тұтынушылар саясаты бөлімінің басшысы
Басқа спикерлер.
Еуразиялық монополияға қарсы форум шеңберінде 2021 жылы 7 қазанда Халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығы мен БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылады.
БАҚ аккредиттеу:
Еуразиялық монополияға қарсы форум офлайн/онлайн форматында өтеді. Алматы қаласында офлайн-қатысушылардың саны бойынша санитариялық шектеулерге сәйкес, офлайн форматтағы форумға қатысу үшін телевизиялық БАҚ шақырылады, операторлармен бірге санағанда 6 адамнан аспауы керек. Телевизиялық БАҚ өкілдерін офлайн форматта қатысуға аккредиттеу алғашқы 6 қатысушының өтінімдері келіп түскеннен кейін жабылады. Қалған БАҚ-тар онлайн-форматта қатыса алады, сілтеме аккредиттелген БАҚ өкілдерінің электрондық мекенжайларына жіберілетін болады.
Аккредиттеуден өту БАҚ өкілдерінің деректерін, яғни аты-жөні, БАҚ атауы, ұялы телефон нөмірі, электрондық мекен-жайын мына электрондық мекенжайға antimonopolyagencykz@gmail.com жолдауларыңызды сұраймыз. Форум бағдарламасы мен спикерлердің толық тізімі аккредиттелген БАҚ-қа жіберіледі. БАҚ-ты аккредиттеу 6 қазан, сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі.
07 қазан 2021
08 қазан 2021
Хабарландыру