Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Еуразиялық банк» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу бөлігінде тергеп-тексеру жүргізді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тұтынушылар банктен банктік қарыз алған кезде олар өмірді жазатайым оқиғадан сақтандыру қызметін күштеп таңғаны анықталды. Нәтижесінде «Еуразиялық банк» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықты тоқтату туралы нұсқама шығарылды. Сізге қаржы қызметтерін тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе сотқа жүгінуге кеңес береміз.
Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабының 2-тармағына сәйкес егер мәміле бір тұлғалар тобының ішінде жасалса, оны жүзеге асыру экономикалық шоғырлану деп танылмайды. Өз кезегінде тұлғалар тобын айқындау үшін Кодекстің 165-бабында регламенттелген белгілер қолданылады. Осылайша, Сатушы мен Сатып алушы бір тұлғалар тобына жатқызылған жағдайда, мәміле экономикалық шоғырлану белгілеріне жатпайды.