Коллектив Агентства выражает искреннюю признательность

Агенттік ұжымы Балғожин Жалғас Өмірзақұлына еңбек демалысына шығуына байланысты шын жүректен алғыс білдіреді.

Жалғас Өмірзақұлы 45 жылдан астам кәсіби қызмет атқарды, оның ішінде  19 жылдан астам мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарда жұмыс істеді.

Жұмыс істеген жылдары өзін мемлекеттік жүйені дамыту мен оның тиімді жұмыс істеуіне үлес қосқан жоғары білікті маман ретінде көрсете білді.

Оның кәсіпқойлығы, өз ісіне адалдығы және мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарын сақтауы Агенттіктің оң имиджін нығайтуға, халықтың сенімін арттыруға және қызметтік міндеттерін адал атқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Жалғас Өмірзақұлының институционалдық процестерді дамытуға, сондай-ақ жас мамандар даярлауға және кәсіби тәжірибе алмасуға қосқан үлесі зор.

Елеулі лаузымдық жетістіктер әрқашан күшті өмірлік құндылықтарға, жақын адамдарының қолдауына және іскерлік пен жеке жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға негізделеді.

Осы атаулы күні Агенттік ұжымы мемлекеттік қызметтегі көп жылғы адал еңбегі үшін зор алғыс білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр, өмірде жаңа жетістіктер тілейді.

 

Дата публикации
14 апреля 2026