8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Әсел Жәнібекқызы Адиева Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Беделді марапат оның көп жылғы адал еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және департаменттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілген баға болды.
Әсел Жәнібекқызы кәсіпқойлығының, табандылығының, адалдығы мен өз жұмысына берілгендігінің арқасында әріптестерінің лайықты құрметіне және Агенттік басшылығының мойындауына ие болды.
Оның жұмысы біліктілікті, еңбекқорлықты және таңдаған мамандығына шынайы берілгендіктің үлгісін көрсетеді. «Құрмет» орденімен марапатталуы оның кәсіби жетістіктері мен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты мойындау болып табылады.
Әсел Жәнібекқызын осы жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, жаңа кәсіби табыс, сарқылмас қайрат, ел игілігі үшін алдағы уақытта да биік белестерден көрінуін тілейміз.
