Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2027-2031 жылдарға арналған Бәсекелестікті қорғау және дамыту тұжырымдама жобасын (бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) әзірлеуге кіріседі

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2027-2031 жылдарға арналған Бәсекелестікті қорғау және дамыту тұжырымдама жобасын (бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) әзірлеуге кіріседі. Құжат тауар нарықтарында қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру жөніндегі негізгі пайымды көрсететін болады.

Тұжырымдама жобасында бәсекелестік ортаны дамыту, бизнес үшін кедергілерді азайту, мемлекеттің қатысуын шектеу, монополиялық тәжірибелерді шектеу және нарықтардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру жөніндегі тәсілдер белгілеу жоспарлануда.

Тұжырымдама жобасын дайындау шеңберінде негізгі тауар нарықтары бойынша жұмыс топтары құрылды, олардың құрамында сараптамалық және бизнес-қоғамдастық, «Атамекен» ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері бар.

Жұмыс топтары бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындаумен айналысатын болады.

Агенттік сарапшыларды, бизнес өкілдерін, салалық қауымдастықтарды және барлық мүдделі тұлғаларды салалық жұмыс топтарының жұмысына қосылуға және бәсекелестікті дамытудың болашақ саясатын қалыптастыруға өз ұсыныстарын енгізуге шақырады.

Жұмыс топтарына қатысу және қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады:

Телефон: 8 (7172) 74-32-50

E-mail: e.serikkanov@azrk.gov.kz

Қатысушылардың кең ауқымын тарту тұжырымдама жобасын әзірлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, бизнес пен сарапшылардың ұстанымын ескеруге, сондай-ақ Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын дамытуға бағытталған тиімді шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
16 марта 2026