АГЕНТТІКТЕ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – Агенттік қызметкерлерінің деструктивті діни ұйымдардың қызметіне тартылу тәуекелдері туралы хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ мұндай көріністердің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіру болды.

Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің бас сарапшысы Миргүл Қалабаева сөз сөйледі.

Өз баяндамасында спикер деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілеріне, олардың қоғам мен жекелеген азаматтарға ықпал ету тетіктеріне, сондай-ақ осындай құрылымдарға тартылудың алдын алу шараларына жан-жақты тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, пікір алмасты және аталған саладағы профилактикалық жұмыстың практикалық аспектілерін талқылады.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің деструктивті идеологияларға төзімділігін арттыруға және профилактикалық жұмыстың тиімділігін күшейтуге ықпал етеді. 

 

 

Дата публикации
16 марта 2026