Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі-нің екі қызметкері бір мезгілде конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Америка Құрама Штаттарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Бұл – олардың кәсібилігінің, талапшылдығының және үздіксіз дамуға деген ұмтылысының көрсетікіші әрі біз үшін маңызды жетістік. Халықаралық деңгейге шығу – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар Агенттіктің кадрлық әлеуетін нығайтуға қосқан үлестері.
Шетелде алынған жаңа білім, озық тәжірибе мен үздік тәжірибелер Агенттік қызметін одан әрі жетілдіру үшін маңызды ресурс болмақ.
Қаржылық нарық директоры Асылхан Сүйіндіков пен Әлеуметтік сала департаментінің бас консультанты Айнұр Ахметова Ұлыбританияның жетекші университеттерінің магистратура түлектері екендігін ерекше мақтанышпен атап өтуіміз керек.
Біз Агенттікті және елімізді лайықты таныстырып жүрген әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Олар жоғары кәсібилік пен жауапкершілік деңгейін көрсетуде. Олардың үлгісі мақсаткерлік пен еңбек жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын дәлелдейді.
Тағылымдамадан сәтті өтіп, жарқын әсерлер алып, алдағы кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!