Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 қазандағы № 201 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
  2. 2-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең 2025 жыл болып айқындалсын.
  4. Жұмыс тобы 2026 жылғы 13 наурызға дейін Агенттікте және оның аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін.
  5. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне және жұмыс нәтижелерiне iшкi талдау жүргiзу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге жауапты тұлғаға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi туралы ақпарат берудi қамтамасыз етсін.
  6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жауапкершілік Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі М.Т. Асылбековаға жүктелсін.
  7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.
  8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Аппарат басшысы                                                               М. Дәрібаев

Дата публикации
02 февраля 2026