«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
№ 88/НҚ от 15.04.2025
«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
2-бөлімнің:
мынадай мазмұндағы 23-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
«
|
23. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 29/1-ғимарат |
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы |
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13-3) тармақшасы
|
».
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін. - Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
152
05 маусым 2025 11:02
05 маусым 2025