Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының
1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 болып тіркелген) бекітілген журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төраға хатшылығы (Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Омаров
6
20 қараша 2026 15:22
03 тамыз 2026