«Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы город Астана
«Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 «Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
18