Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» РММ директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурс

«Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының функционалдық міндеттері:

Жарғыда көзделген мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктерін жүзеге асырады; бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында талдамалық, қолданбалы және өзге де зерттеулер жүргізуді үйлестіреді және ұйымдастырады; бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында сараптамалық-талдамалық және консультациялық қызметті жүзеге асырады; бәсекелестік саласындағы ғылыми мақалалар, есептер жарияланымдары мен зерттеу материалдарын шығару бойынша жұмысты үйлестіреді; бәсекелестікті ынталандыру, бизнес-практиканы жақсарту, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының, бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мен беруді үйлестіреді және ұйымдастырады; мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастығын, халықаралық зерттеу жобаларына қатысуын, шетелдік зерттеу орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіреді және ұйымдастырады; халықаралық зерттеу жобаларына, бәсекелестікті қорғау, реттеу және дамыту саласында мамандандырылған өзге де зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен білім және тәжірибе алмасуға қатысады; мемлекеттік мекеменің даму стратегиясын айқындайды; мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді, сондай-ақ оның іске асырылуын бақылайды; енгізілетін реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың бәсекелестікке әсеріне бағалау жүргізуге қатысады; кедергілер жөніндегі кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі; форум, конференциялар, дөңгелек үстел, кездесулер және бәсекелестікті дамыту саласындағы өзге де іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді; зерттеу нәтижелерін тексеру, бөгде ұйымдардың жұмыстарды орындауына шарттар жасасу және ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарына басшылық етеді; материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды; ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелер жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады немесе қызметкерлерге жаза қолданады; ұйым қызметкерлерінің жоғары өнімді жұмысына, зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін арттыруға жағдайлар жасайды; заңдылықтың, мемлекеттік тәртіптің, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп пен нормалардың, өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру жүйелерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, еңбекке ақы төлеу қорының үнемді және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді; жұмыскерлердің еңбек жағдайларын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнінде шаралар қабылдайды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтамағаны үшін жауапты болады; өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған жағдайлар туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізеді; жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

Лауазымдық айлықақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 233600-ден 275719 теңгеге дейін.

Білім деңгейіне қойылатын талаптар:

Мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономикалық мамандықтар (әлеуметтік саладағы және салалардағы экономика / статистика / халықаралық экономикалық қатынастар / экономика және ғылыми зерттеулер мен жобалауды басқару) не құқық (құқықтану / халықаралық құқық / бәсекелестік құқық), не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика / менеджмент / есеп және аудит / қаржы / маркетинг / әлемдік экономика / мемлекеттік және жергілікті басқару).

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жалпы жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл болуы.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, бәсекелестікті қорғау мен дамыту мәселелерін және мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты шешімдері; бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы отандық және шетелдік практика; зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми әдістері; өзге ұйымдар жүзеге асыратын сабақтас проблемалар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау және қаржыландыру әдістері; салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйелері және материалдық ынталандыру нысандары; шарттарды жасасу және орындау тәртібі; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) еркін нысанда ресімделген, қол қойылған және жұмыс берушінің мөрімен (ол болған кезде), расталған 3х4 өлшемді фотосуреті бар кандидаттың қызметтік тізімі немесе нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі бар түйіндеме;

3) білім туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмелері;

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.11.2026 – 27.11.2026

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Байланыс үшін E-mail:

e.maratov@azrk.gov.kz

Анықтама алу үшін байланыс: 74-94-13

Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Әңгімелесуді өткізу күні: 2026 жылғы 2 желтоқсан

 

*Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 164-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларының 30-тармағына сәйкес әңгімелесу барысында кандидат конкурстық комиссия отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда жазба жүргізуге арналған техникалық құралдарды пайдалана алады.

Жарияланған күні

18 қараша 2026 15:25

Жаңарту күні

18 қараша 2026