ҚР БҚДА жанындағы Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесінің отырысы (бұдан әрі – Кедергілер жөніндегі кеңес) А.Ж.Бикебаевтың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс арқылы, Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелерінің, құрылымдық бөлімшелер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, нарық субъектілерінің қатысуымен өтті.
Отырыста «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ны Нарық кеңесі – Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңында белгіленген функциялары бар коммерциялық емес ұйым ретінде айқындау әкімшілік кедергісі жөніндегі проблемалық мәселесі қайта қаралды.
Бұдан тыс, Ақтау қаласының аумағында кинопрокат қызметтері тауар нарығына кіру жөніндегі проблемалық мәселе қаралды.
Сондай-ақ, Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің директоры Кедергілер жөніндегі кеңестің қызметін нақты регламенттеу қажеттілігі туралы ЭЫДҰ-ның ұсынымын орындау жөніндегі ақпаратты жеткізді.
21