Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Астана қаласы

2026 жыл

МАЗМҰНЫ

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Талдау жүргізудің негіздері

1.2. Ақпараттық-талдамалық бөлік

2. ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ

2.1. Агенттік қызметінің негізгі бағыттары

2.2. Тергеп-тексерулер департаменті

2.3. Экономиканы шоғырландыру және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті

2.4. Агенттіктің қалған департаменттері

3. ҰСЫНЫМДАР

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Талдау жүргізудің негіздері:

1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағы;

2) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2026 жылғы 2 ақпандағы№ 26 Н/Қ бұйрығы.

1.2 Ақпараттық-талдау бөлімі

Агенттік 2020 жылғы 8 қыркүйекте (Қазақстан Республикасы Президентінің № 407 Жарлығы) құрылды, оған Ұлттық экономика министрлігінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің) оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

II. ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ

Агенттік Президентке тікелей бағынады және есеп береді, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асырады.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаумен қамтылған кезең – 2025 жыл.

Ішкі талдау жүргізу мерзімі 1 ай, қажет болған жағдайда 15 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі –Үлгілік қағидалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдісмемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді және Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде ақпарат көзі ретінде пайдаланылды:

- 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс);

- Сот актілері;

- Департаменттер туралы ережелер;

- Кіріс/шығыс хат-хабар;

- Қызметтік тергеп-тексеру материалдары;

- Агенттік басшылығына шолу қызметтік жазбалар;

- қызметкерлерді жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;

- Департаметтің қызметін реттейтін өзге деқұқықтық актілер, ішкі құжаттар және Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған басқа да мәліметтер.

Қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары Агенттіктің департаменттері:

Экономиканы шоғырландыру және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті;

Тергеп-тексерулер департаменті.

Экономиканы шоғырландыру және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті

Осы бағытта жүктелген функцияларды талдау негізінде мынадай ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

1. Келісімдер мен рұқсаттар беру кезіндегі тәуекелдер

Мемлекеттік кәсіпорындарды құруға/кеңейтуге келісім беру, қызмет түрлерін келісу;

Экономикалық шоғырлануға келісім беру, мәмілелерге алдын ала келісім беру.

2. Бағалар мен тарифтерді сараптау кезіндегі тәуекелдер

Мемлекеттік монополия субъектілерінің бағаларын келісу.

3.Қызметті бақылау және мониторинг кезіндегі тәуекелдер

Мемлекет қатысатын кәсіпорындардың қызметін мониторингтеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Келісу және рұқсат беру құжаттарын көздейтін барлық рәсімдерде, сондай-ақ бақылау және ұйымдастырушылық функцияларын жүзеге асыру кезіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Мұндай жағдайларда субъектілерді іріктеу, мерзімді негізсіз созу, шешімдер мен қорытындылармен айла-шарғы жасау, әкімшілік кедергілер жасау ықтималдығы бар.

Ұсынымдар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында процестерді барынша электрондық форматқа көшіру, жүйедегі пайдаланушылардың барлық әрекеттерін тіркеуді қамтамасыз ету,жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйені жетілдіру қажет, бұл цифрландыру мен ашықтыққа мүмкіндік береді.

Тергеп-тексерулер департаменті

1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-2-бабына сәйкес монополияға қарсы органның міндеттерінің бірі Қазақстанның бәсекелестік туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, тергеп-тексеру және жолын кесу болып табылады.

Бұл ретте, қазіргі кезде тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыру кезінде қызметкерлердің бірыңғай іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ рәсімдерге, мерзімдерге және нәтижелерді ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайтын монополияға қарсы тергеп-тексерулер жүргізудің бекітілген әдістемесі жоқ.

Бұл практика лауазымды адамдардың бірыңғай іс-қимыл тәртібін қамтамасыз етпейді, бұл тергеп-тексеру жүргізу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануға әкеледі және шешімдердісубъективті қабылдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына 1-қосымшада Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасының бұзылуын көрсететін әрекеттердің (әрекетсіздіктің) болуы туралы хабарламалар беру қағидаларын бекітілген.

Сонымен қатар, талдау барысында әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны негізсіз (заңсыз) шығару фактілері анықталды.

Талдау бірқатар жағдайларда бұл хабарламалар жеткілікті құқықтық және нақты негіздерсіз, мәліметтерді тиісінше алдын ала тексерместен және бұзушылық белгілерінің болуын бағаламастан бастамашылық жасалғанын көрсетті.

Сонымен қатар, құқық қолдану практикасын талдау көрсеткендей хабарламаларды негізсізшығаруістерді сотта қарау нәтижелеріне теріс әсерін тигізеді.

Атап айтқанда, мұндай шешімдер жиі ретте нарық субъектілерінің оларға дау айтуына және кейіннен сот тәртібімен күшін жоюына негіз болады, бұл түптеп келгенде жеңілген істер бойынша теріс статистика қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 198-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.

Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнама саласына жатпайтын бұзушылықтар бойынша негізсіз алдын ала ескертулер жіберу кездеседі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Монополияға қарсы тергеп-тексерулер жүргізу әдістемесінің және хабарламалар мен алдын ала ескертулер шығару тәртібінің (нұсқаулықтарының) болмауы нарық субъектілеріне жасанды әкімшілік қысым жасау,шешім қабылдау кезінде іріктеу тәсілі үшін жағдайлар жасауды куәландыруы мүмкін.

Ұсынымдар:

Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту қажет, онда оның ішінде хабарламалар мен алдын ала ескертулер шығару (жіберу) тәртібін, оларды қолдану негіздерін, құжаттар нысандарын айқындауды, сондай-ақ олар болған кезде тиісті ден қою шаралар дайындалатын бәсекелестік туралы заңнама саласына жататын бұзушылықтар белгілерінің тізбесін бекітуді көздеген жөн.

Құжатмонополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алуға бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуі, қызметтің ашықтығынжәне барлық мүдделі тұлғалар үшін құқықтық айқындылықты арттыруы тиіс.

3. Белгіленген заңнамалық тәртіппен аумақтық департаменттер деңгейінде дербес шешім қабылдау көзделгеніне қарамастан, хабарламалардың жобаларын орталық аппаратқа келісу үшін жіберу жағдайлары анықталды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Келісудің қосымша сатысы әкімшілік кедергі, іріктеп бақылау, жекелеген субъектілердің мүдделерін қолдау ретінде пайдаланылуы, сондай-ақ орталық аппарат деңгейінде қысым болуы мүмкін.

Ұсынымдар:

Агенттіктің регламентінен осы практиканы жою және аумақтық органдарға заңнамадабелгіленген тәртіппен дербес шешім қабылдауды ұсыну.

5. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 219-бабында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер айқындалған.

1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның ішінде:

1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және куәлардың түсініктемелері;

      2) сарапшылардың қорытындылары;

      3) заттай дәлелдемелер;

      4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің дәлелдемелері бола алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Жоғарыда аталған құжаттарды ауыстыру немесе жоғалту, деректерді түзету және т.б.

Ұсынымдар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, оның ішінде ашықтықты, қол жеткізуді бақылау менпайдаланушылардың әрекеттерін қадағалауды (логиялау) қамтамасыз ететін монополияға қарсы тергеп-тексеру материалдарын сақтаукөзделген ақпараттық жүйені пайдалануға дайындық талап етіледі.

Агенттіктің қалған департаменттері тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нарық субъектілеріне қатысты талдауға бастамашылық жасау мн жүргізуді қоса алғанда, ден қоюдың одан әрішаралары қабылданады.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріталдауға бастамшылық жасаудан бастап қорытынды шешім қабылдағанға дейін оны жүргізудің барлық кезеңдерінде туындауы мүмкін.

Қалған департаменттер қызметінің негізгі бағыттарын өз кезегімен зерделеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатындасыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді кезең-кезеңменжыл сайынғы негізде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Әдеп жөніндегі уәкіл М. Асылбекова

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ тиісті шешімдер мен әрекеттерді қабылдауға өкілеттік берілген лауазымды адамдар

Монополияға қарсы тергеп-тексерулерді жүргізу, хабарламалар, алдын ала ескертулер шығару қағидаларының, тәртібінің, әдістемесінің, нұсқаулығының,тергеп-тексеру барысында қалыптасатын материалдарды есепке алу мен сақталуын цифрландырудың болмауы.

Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іріктеп бақылау, жекелеген субъектілердің мүдделерін қолдау

ортадан жоғары

Келісім және рұқсат беру құжаттарын дайындаумен, келісу және ресімдеумен, сондай-ақ тиісті шешімдер мен әрекеттерді қабылдаумен байланысты ақпарат және қорытындылар ұсынуға өкілеттік берілген лауазымды адамдар

Жүйенің қызметте бағдарламалық қамтылымды пайдалануға дайын еместігі

Нарық субъектілеріне іріктеп қарау (негізсіз бас тарту, негізсіз келісу, шешім қабылдауды қарау мерзімімен айла-шарғы жасау және т.б.)

ортадан жоғары

Жарияланған күні

20 қазан 2026 17:52

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Түрі