Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) студенттер мен жас мамандарды мемлекеттік қызметке, оның ішінде Агенттікке тартуға бағытталған жыл сайынғы ауқымды «Ашық есіктер күні» іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында Агенттік өкілдері қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мансаптық өсу және мемлекеттік сектордағы кәсіби өсу туралы толық ақпарат берді.
Мемлекеттік қызметке кірудің негізгі шарттары, оның ішінде кандидаттарға қойылатын талаптар, іріктеу тәртібі, конкурстық рәсімдердің кезеңдері түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігіне, сондай-ақ шектеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға сақталуы тиіс мінез-құлық нормалары, тыйымдар және мемлекеттік қызметтің негізінде жатқан адалдық, ашықтық, қоғамға қызмет ету сияқты қағидалар түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, Агенттікте жұмыс істеу ерекшеліктерімен толығырақ танысып, мемлекеттік қызметке түсуге дайындық бойынша практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндікке ие болды.