Taldyqorgan adaldyq alany

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында «TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобалық кеңсенің мақсаты - сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, ұсыныстар мен ұсынымдарды жіберу арқылы қолайлы жағдай жасауға және жеке қатысу мүмкіндігі туралы қала тұрғындарын ақпараттандыру.

Жобалық кеңсенің міндеттері – тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу.

«TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY» жобалық офисінің бағыты мемлекеттік қызмет беру, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлуметтік қорғау, сәулет құрылыс және жер қатынастары мәселелері және басқа мәселелерді шешуге бағытталған. Жобалық офистің басым бір бағыты белсенді қоғам мүшелерін аталған процеске тарту.

Жобаны іске асыру бағыттары:

  • Тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау;
  • Қоғамдық бақылауды іске асыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256.

Жарияланған күні

19 наурыз 2020

Жаңарту күні

19 наурыз 2020