Талдықорған қаласы тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша ақпарат

№ р/с

Ұсыныстар мен ескертепелердің мазмұны

Ұсыныстар мен ескертпелер бойынша атқарылған жұмыстар

1.      

«Ынтымақ» ауылында кәріз жүйелері құрылысын жүргізу туралы.

«Ынтымақ» ауылында кәріз жүйелері құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы  мемлекеттік сараптамадан өту барысында.

2.      

«Шайқорған» және «Қызыл тас» саяжай қоғамдарына қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыру және жүргізу туралы.

Бүгінгі таңда  «Шайқорған» және «Қызыл тас» саяжай қоғамдарына №1, №3, №14 маршруттары қатынайды.Қазіргі уақытта «Қызыл тас» саяжайы Сәулет және қала құрылысы бөлімімен саяжайлардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалды.                                                                                               Сонымен қатар Шайқорған саяжай қоғамына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалуда. Талдықорған қаласының Жолаушылар көлігі бөлімімен «Қызыл тас» саяжай жолдарын жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттамаға қаражат сұратылуда.  Жол жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана Саяжай қоғамдарының ішкі көшелерімен №1, №3, №14 маршрут желілері жүргізілетін болады.

3.      

«Жастар-1» тұрғын ауданында жол салу мәселесі туралы.

Өтенай ауылының «Жастар-1» тұрғын ауданында 25 шақырым жолын салу нысаны бойынша жобалаушы ұйым «КазахскийПромТрансПроект» ЖШС. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз мердігер ұйымы «Талдықорған-Жолдары» ЖШС-і анықталды. Жол салу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында басталады.

4.      

Өтенай ауылдық округінің Ынтымақ ауылы, 3-бөлімше, Жастар-2 тұрғын аудандарына газ құбырларын жүргізу туралы.

 

Өтенай ауылдық округінің Ынтымақ ауылы, 3-бөлімше, Жастар-2 тұрғын аудандарына газ құбырларын жүргізу туралы. Жобаға тапсырыс беруші «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің мәліметі бойынша газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2022 жылға жоспарлануда.

5.      

Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы тозығы жеткен жарық шамдары бағаналарын жаңаларына ауыстыру туралы.

 

Қазіргі уақытта Еркін ауылы, Қазақстан көшесі бойындағы тозығы жеткен 28 дана түңгі жарық шам бағаналары ауыстырылып, техникалық ақаулықтар жойылып, жұмыстар толығымен орындалды. Мердігер мекеме - «GV» ЖШС.

 

 

     Қала әкімі                                                                         Е. Жасыбаев

 

 

Жарияланған күні

01 қазан 2021 09:17

Жаңарту күні

01 қазан 2021

Түрі