Құрылым
Жалпы бөлімше
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Қызметтік құжаттарды қарау; Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; Іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу; Аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімшесі
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді; тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Телефон:
872839-21061Электрондық пошта:
g.myrzabaeva@zhetysu.gov.kzЗаң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы, Құқықтық актілер туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңдарымен танысып, Заң талаптарына және ережеге сәйкес жұмыстарды жүргізеді. Аудан әкімдігі жанындағы Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету; Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу; Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес жөніндегі жұмысшы топтардың; құқық бұзушылықтың алдын алу; шекара мәселелері адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құжаттарын дайындап ақпараттар мен мәліметтер өткіздім. Ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бақылауында тұрған құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың түскен арыз-өтініштердің жауаптарын уақытылы орындау жұмыстарын Заң талаптарына және ережеге сәйкес жұмыстарды жүргізеді.
Ұйымдастыру жұмысы бөлімшесі
ТолығырақТелефон:
8 (72839)-21431Электрондық пошта:
js.bashugylov@zhetysu.gov.kz