Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 463 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Конкурсты ұйымдастырушы:

"Панфилов аудандық білім бөлімі" ММ басшысы Т. Қастеев тұлғасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. Өтінім нысаны еркін.

Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдары "Панфилов аудандық білім бөлімі" ММ келесі құжаттарды тапсырады::

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірме;

6) "білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім берушінің балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша тамақтану үшін ата-ана төлемақысының белгіленген мөлшерімен қабылдау туралы міндеттемелері. Өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады.

7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.";

Комиссия ұсынылған өтінімдерді отырыста 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпаратпен конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады:

1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың оларды қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде құжаттардың сәйкессіздігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген тізбесі;

2) Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес түзетулері мен толықтырулары бар мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды қайта қарау күні.

Конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасының, қаланың (ауданның) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2021 жылғы 05 қаңтар күні сағат 18.00-ден кешіктірмей Алматы облысы ,Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розбакиев 22 мекен-жайы бойынша орналасқан " Панфилов аудандық білім бөлімі" ММ-не толық құжаттар пакетін ұсынуы тиіс

Ұйымдардың конверттерін "Панфилов аудандық білім бөлімі" ММ-нің бұйрығымен құрылған комиссия 2021 жылғы 06 қыркүйек 10 сағат 00 минутта ашады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Панфилов ауданы әкімдігінің интернет ресурсында

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2021
Дата обновления
06 сентября 2021
Тип
Information

Сейчас читают

21 мая 2024
How young Kazakhstanis use targeted savings in the first 3 months of implementation of the National Fund for Children program
21 мая 2024
Actual questions on UAPF
21 мая 2024
UAPF successfully passed an international audit

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты