Көксу ауданының әкімі Д. Халеловтың Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзі

Көксу ауданының әкімі Д. Халеловтың Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзі
0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың
20 қарашадағы №399 Жарлығына сәйкес 2024 жылдан
бастап қала, аудан әкімдері жылына 2 рет халықпен
кездесеміз. Сонымен қатар, облыс әкімі жылына 1 рет
халықпен кездесу өткізілетін болды.
Әр кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелерді
шешу үшін және Мемлекет басшысының тапсырмаларына
байланысты экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп,
халықтың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін
жақсарту жолында біз тиісті шараларды қабылдаймыз.
2023
жылдың
1
қыркүйегінде
Парламент
палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт
Тоқаев
«Әділетті
Қазақстанның
экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын
жариялағанын жақсы білесіздер.
Жолдауда жаңа экономикалық саясат бен әлеуметтік
бағыты айқындалып берілді. Бұл ретте атқарушы билікке
үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.
Бүгінгі
кездесуде
ауданның
әлеуметтік-
экономикалық даму көрсеткіштерімен және бұған дейін
көтерілген мәселелердің орындалуы барысы туралы
баяндайтын боламын.
Баяндамадан кейін сұрақ-жауап және жеке қабылдау
өткіземін.
Құрметті ----------- ауылдық округінің тұрғындары!
2023 жылдың қорытындысы бойынша
ауылшаруашылық өнімінің көлемі 43 млрд. 634 млн.теңге
көлемінде өндірілді, нақты индекс көлемі 101,8 пайызға
орындалды (2022 ж - 44181 млн.тг). 2024 жылы ауылшаруашылық
өнімінің көлемін
50 млрд. 160 млн.
теңге жеткізу
жоспарлануда, НИК 102,4%.
Барлық егістік көлемі 31 мың 710 гектарды құрады.
2023 жылы 3546 гектар бидай жиналып, 6277 тн өнім
алынды, орташа өніміділік 18,2 цн/га. (жаздық бидай 996 га – 2098 тн,
күздік бидай 2450 га – 4179 тн)
5284 га арпа жиналып, 10008 тн өнім алынды, орташа
өнімділік 18,9 цн/га (жаздық арпа – 5224 га, 9864 тн., күздіке арпа 60
га– 144 тн.). Дәнді дақылдардың көлемі өткен жылмен
салыстырғанда 2134 га ұлғайды.
885 га көкөністен 29613 тн, 140 га бақша дақылынан
2863 тн, 1151 га картоп жиналып 23299 тн, өнім алынды.
Өткен жылы қант қызылшасы 1881 га себілді, 80291 тн.
өнім алынды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда көлемі
944 га. ұлғайған.
Аудан бойынша су үнемдеу технлогиясын қолдану
жоспары - 945 га.
Бүгінгі күнге 590 га жерде су үнемдеу технологиясы
қоладылды, оның тамшылатып суғару -340 га, жаңбырлатып
суғару – 250 га. Су үнемдеу технологиясын Мұқаншы,
Еңбекші ауылдық округтері қолданып отыр.
Ағымдағы жылы инвестициялық жобаға су үңемдеу
технологиясын қолдану аясында «Смарт Агро -2024» ЖШС-і
ұсынылып отыр. Жаңбырлатып суғару қолдану көлемі
350 га.
Мал шаруашылығының неізгі өнімдері:
- ет 12698 тонна, (2022 ж.-12498 тн);
- сүт 27974 тонна, (2022 ж.- 27732 тн);
- жұмыртқа 7941 мың дана, (2022 ж-7890 мың дана).
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 69 аудан
тұрғынына 417,7 млн. теңге көлемінде несие берілді,
8 өтінім кері қайтарылды.
Несиенің барлығы мал шаруашылығы бағытына
алынып, оған 1594 бас мал сатып алынды (347 бас ірі қара, 1016
бас қой, 231 бас жылқы).
Бағдарлама аясында Балпық ауылдық округінде
1 кооператив құрылды
2023 жылы 34 жаңа техника, 495 млн теңгеге алынды.
Аудан аумағындағы
пайдаланылмайтын немесе
мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет
меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
2023 жылы ауданында пайдаланылмай жатқан ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне
қайтару бойынша жалпы көлемі 27043,36 га жер телімдері
аудан жер қорына қайтарылды.
Сонымен қатар, мемлекет мұқтажы үшін жерлерді
қайтару жұмыстары да жүргізілуде. Аталған қайтарылған
жерлердің ішіндегі 1715 га-ы елді мекеннің ортақ жайылымы
үшін қайтарылып, бекітілді.
Өнеркәсіп
саласында 2023 жылы
36 млрд.
254 млн.теңгенің өнімі өндірілді, нақты индекс көлемі
100,4 пайызға орындалды (2022 ж –35273,3 млн.тг).
2024 жылғы өнеркәсіп өнімі көлемінің жоспары
30 млрд.теңге, НИК (негізгі индекаторлық көрсеткіш)100%.
Ауданда
орта
және
шағын
14
өнеркәсіп
кәсіпорындары жұмыс істейді (оның 4 ірі және орта, 10 шағын).
Бүгінгі күнге Көксу өзенінің бойында қуаттылығы
12 мВт болатын ГЭС құрылысы жүргізілуде, жоба іске
қосылса 10 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.