Округ әкімінің халықпен кездесуі

Алғабас ауылдық округінде 27 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысына сәйкес әкімдердің халықпен кездесіп жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында кезекті кездесуін өткізді.
Округ әкімі Жұмабек Әлішер Қайратбекұлы Алғабас ауылдық округіне қарасты Қызылтоған ауылы және Алғабас ауылында округте атқарылған және алда атқарылатын жұмыстармен таныстырып 15 наурыздан бастап Ауыл аманаты 2.5 пайыздық несие алу бойынша, Jas project, «Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы бойынша да тоқталып тұрғындармен тұрақты кездесуі өткізілді.
Көксу АПБ-нің ЖПҚБ УПП-2 УПИ Полиция лейтенанты Ноғайбай Жанат Маратұлы кездесу барысында «Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды», компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескертіп өтті сол себепті ұялы телефоннан бөтен қоңырауларға жауап бермеу өздері туралы ақпарат бермеу керектігін айтып өтті.
Қызмет бағыты