Әлеуметтік сала бойынша
АСП жәрдемақысын – 4 отбасы алды. 2022 жылы округ бойынша 50 адам жұмысқа тұрғызылды. Ол ашылған жұмыс орындарына ауыл тұрғындары тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылды. Кәсіби оқуға жол картасымен бағдарламасы аясында 3 адам кәсіптік оқуға жіберілді. .
Алтын және күміс алқа иегерлері 46 адам : Алтын алқа иегерлері 22 адам , Күміс алқа иегерлері 24 адам.
Білім саласы
Ауыл округінде 3 орта, 1 бастауыш мектебі жұмыс істейді.
Барлығы округ бойынша 2023 жылдын 1 қаңтарына – 339 оқушы бар, Ауылдық округі бойынша 89 мұғалім, 50 кіші қызметкер жұмыс жасайды.
Ауылдық округі бойынша 2022 жылдың ҰБТ- дің қортындысы: орташа көрсеткіш 80 балл.
Көксу орта мектебінің спорт және мәжіліс залына 2022 жылы жөндеу жұмыстары өткізілді.
Денсаулық сақтау саласы.
Ауылдық округі бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 3 ФП жұмыс істейді .Онда 9 арнаулы білімі бар медбикелер, 4 кіші персонал жұмыс істейді. Дәрігер жоқ. Дәрігерлік амбулаториясының ғимаратты тозып тұр, жөндеу жұмыстарын жүргізуге (аппаты жағдайға байланысты) мүмкіншілік жоқ, сондықтан жаңа амбулатория ғимаратын салуды 2024 жылға жоспарланып отыр, сонымен қатар Беріктас ауылына 2024 жылы ФАП- салуды жоспарланып отыр. 2022 жылы Қосағаш ауылында жана ФАП салынып пайдалануға берілді.
Мекеме мен өндіріс орындары бойынша:
Ауыл округі бойынша өндіріс орындары- Көксу ауылының тұрғыны Уялхан Жұмагүл 1 шаштараздың оқуын бітіріп, халыққа қызмет көрсетіп отыр және Уханев Виктор деген азамат СТО ашып отыр. Жалпы округ бойынша 10 азық-түлік дүкені бар.Көксу ауылында Биотопливо шығаратын пелет зауыты жұмыс істейді.
Салық саласы
2022 жылғы салық жиналымы төмендегідей:
Мүлік салығы- 810 мың теңге жоспарланған- орындаулы- 100 %
Жер салығы- 40 мың теңге жоспарланған- орындаулы- 100 %
Көлік салығы- 5млн 800мың теңге жоспарланған- орындаулы- 100% .
Кәсіпкерлік және жеке бизнес
10 сауда орнында 11 адам жұмыс істейді. 5 кәсіпкер.
Ауыл шаруашылығы
Төмендегідей ауылшаруашылық дақылдары себілді :
2022 жыл. 2023жыл
Күздік бидай 129 га 230 га
Жаздық бидай 378 га 768 га
Арпа 4974 га 4485,1 га
Сұлы 16 га 146 га
Картоп 35 га 31 га
Көкөніс 30 га 35 га салынды.
Көпжылдық шөптер 941 га 758 га
Іс-қағаз жүргізу.Құжат айналымы.
2022 жылы Көксу ауылдық округінің әкімі 48 өкім, 20 шешім шығарылды. Арыз-шағымдары жоқ. Жеке қабылдауда түскен өтініштер саны-17, 2021 жылда 205 анықтама берілді, оның ішінде отбасы құрамы туралы-133, жеке қосалқы шаруашылықтың бар туралы анықтама саны-69. Барлық іс-қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Көксу ауылдық округі бойынша 2022 жыл 2 жартыжылдыққа мал басы саны:
2022 01.01. 2023 01.01
Мүйізді ірі қара 3712 бас 3315 бас
Сиырлар 1302 бас 885 бас
Қой –ешкі 5572 бас 1149 бас
Аналықтар 2261 бас 1202 бас
Жылқылар 1082 бас 379 бас
Аналықтар 398 бас 107 бас
Шошқалар 99 бас 99 бас
Құстар 5000 бас 5000 бас
Аралар 452 ұя 451 ұя
Асылдандыру жұмыстары: 2022 жылы Көксу ауыл округінде қолдан ұрықтандыру маманы Айтказин Кадыр.
Инвестициялар
2019 жылдан бастап Көксу – Көктал өзенінің жағалауында ГЭС салынуда , осыған 550 млн бөлінді, 2022-2024 жылдарға 38,5 млд теңге жоспарлануда.
Инфрақұрылым
Көксу ауылының көшелеріне жарықтандыру түнгі шамдарын орнату құрылыс жұмыстары 2021 жылы іске қосылды. 2022 жыл Қосағаш ауылының кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қосағаш ішкі 5 көшесіне, Көксу ішкі 12 көшесіне, Беріктас ішкі 2 көшесіне жөндеу асфальт төсеу жұмыстарына сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстары жоспарланып отыр.
Байланыс және көлік саласы
Ауыл округіне Казахтелеком интернет жүйесі ВОЛС кабелі арқылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мектеп, әкімшілік, дәрігерлік амбулаториясына қолданысқа берілді. Сонымен қатар 2020 жылы Беріктас ауылында тұрғындар салған байланыс вышкасының құжаттары жасалынып, ТОО «Картел» (Билайн) оператормен келісімге отырып қолданысқа берілді. 2021 жылы Көксу округінде KCELL, ALTEL, TELE 2 байланыс операторларының жабдықтары қойылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту саласы
Жыл ішінде үнемі жаңартылып отырған билбордтар саны-6. Көш-қон, демография : Көксу ауылдық округінде 2006 адам тұрады. Ауыл округіне Қытай Халық Республикасынан көшіп келіп қоныс тепкен оралмандар 4 отбасы, 22 адам.
2022 жылы ішінде туған балалар саны 22 бала. Қайтыс болған адамдар саны 12.
Қоғамдық тәртіп: Ауыл округінде учаскелік полиция бөлімшесі бар, онда 1 полиция қызметкері бар. 2022 жылдың басынан 6 қылмыс тіркелген, 6 қылмыс ашылды.
Санитарлық тазарту, аббатттандыру, жөндеу жұмыстары
2022 ауыл округінің көктемгі санитарлық тазарту, көгалдандыру санитарлық тазарту жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылды.
Беріктас, Қосағаш ауылдарында футбол стадиондары балаларға арналған ойын аланы салынды. Көксу және Беріктас ауылдарында ҰОС арналған ескерткіштері жөндеуден өтті. 7 мусылман және христиан зираттарына мемлекеттік актілер жасалынып ширақшы үйлері жөндеуден өтті.Көксу ауылының кіреберісіне жолаушыларға арналған демалыс орының құрылысы жүргізілді. 2024 жылға жоспар: Округ кіре-берісіне арка орнату.