2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша ауданда 3627 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде: 2055 шаруа қожалығы, 1426 жеке кәсіпкер және 146 заңды тұлға, осы кәсіпорындарда 5196 адам жұмысқа орналастырылды
Жоғарыда аталған кәсіпорындарымен 28 млрд 100 млн теңгеге жұмыстар мен қызметтер көрсетілді.
Өнеркәсіп саласы бойынша, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 32 млрд 24,9 млн. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 116,4% орындалды.
Негізгі капиталға жалпы сомасы 18 млрд 937,6 млн теңгеге инвестициялар тартылды.
Аудан бойынша тауар айналымы 9 млрд 975 млн теңгеге шығып, нақты көлем индексі 100,0% - құрады.
Ауданда бір ірі кәсіпорын - қуатылығы жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін "Алацем" ЖШС цемент зауыты жұмыс істейді.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әр-түрлі бағыттағы жобалар облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорына үнемі ұсынылып отырады. Аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді кепілдендіру бағыты бойынша 4 кәсіпкерге 79 млн теңге несие беріліп қолдау көрсетілді. 4 кәсіпкерге 20 млн теңге қайтарымсыз грант берілді.