Меню

Страницы

Статья

Information on the results of the work done in 2022 of the Zhainak batyr rural district of kerbulak district

Жайнақ батыр ауылдық округінде халық саны 2665 адамды құрайды.

Жайнақ батыр ауылдық округі бойынша аула саны – 608 аула, 5 елді мекен бар,  оның ішінде:

  • Жайнақ батыр ауылы - 181 аула;
  • Жаңалық ауылы - 202 аула;
  • Қарымсақ ауылы - 113 аула;
  • Доланалы ауылы - 59 аула;
  • Ақбастау ауылы – 53 аула;

Мал шаруашылығы бойынша

Округте 5 786 бас мүйізді ірі қара, 17 921 бас қой-ешкі, 1 381 бас жылқы  шошқа 5  бас және 6585 құс өсірілуде.

 Округте 608 аула тіркелген, оның 471 ауласында малы бар, 137 аулада малы жоқ.

 Егін шаруашылығы бойынша

Жайнақ батыр ауылдық округінде 176 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 өндірістік коператив бар.

2022  жылы себілген  егістік  жер – 7 755   гектарды құрайды. Оның – 1369 гектары күздік бидай және 6 812 гектарға дәнді дақыл себілді.

Ауылдық округте 180 - трактор, 30 - комбайн, 72 басқадай техникалар бар.

Шаруашылық субъектілер бойынша

Барлық шаруашылық субъектілер  - 192, оның ішінде:

  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 2 («Жолбарыс АГРО» ЖШС, «АГРО ZHER INVEST);
  2. Шаруақожалықтар - 176;
  3. Жеке кәсіпкерлер - 14.
  4. Өндірістік коператив – 1;

Халыққа қызмет көрсету нысандары – 0.

Жер ресурсы бойынша:

Барлық  жер көлемі – 50 256 га, оның ішінде:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 41 554 га, оның ішінде:

  • Егістік жер – 7755 га;
  • Жайылымдық жер – 20 183 га;

Шабындық  жер –  981 га.

 Жергілікті салықтар бойынша

Жайнақ батыр ауылдық округі  бойынша 2022  жылы төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын салықтар: Мүлік салығы бойынша жоспар 300,0 мың теңге орындалғаны – 388,6 теңге, 130 пайыз. Жеке табыс салығы бойынша жоспар 100,0 мың,  орындалғаны – 145,9 мың теңге, 146 пайыз. Көлік заңды тұлғалардың  салығы бойынша 274 мың теңге жоспар, орындалғаны 326 мың 900 теңге, 148,4 пайыз. Жеке тұлға көлік салығы бойынша жоспар 8 млн,  506 мың орындалғаны 8 млн, 569 мың 300 теңге, 105 пайыз.

2022 жылға арналған бюджетті орындау туралы. 

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 05 қаңтардағы "Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2022-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 16-68 шешімімен бекітілген бюджет 81 533,0 мың теңгені құрады.

 Әкімшілік бағдарламалар бойынша бюджеттің орындалуы : 

124001 бағдарламасы "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер". Жоспар бойынша 45100,0 мың теңге орындалғаны 45100,0 мың теңге, яғни 100%

124008 "елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша 2053,0 мың теңге жоспарланған, оның 2053,0 мың теңгесі немесе 100% орындалды.

124009 "елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 4150 мың теңге жоспарланған, оның 4150 мың теңгесі орындалды, бұл 100% құрайды.

124011 "елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша жыл басынан 283280,0 мың теңге жоспарланған, оның 28328,0 мың теңгесі немесе 100% орындалды.

124022 " Елді мекенді сумен жабдықтауды" бағдарламасы бойынша 400,0 мың теңге жоспарланды,оның 400,0 мың теңгесі орындалды, бұл 100% құрайды.

124051 Пайдаланған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттер 385,0 мың теңгені құрайды 100%.

124014 Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша 1500,0 мың теңгені құрайды 100%.124048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттер) бағдарламасы бойынша 2,0 мың теңгені құрайды 100%.

Білім саласы бойынша

Жайнақ батыр ауылдық округінде білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. 2022-2023 оқу жылында Жайнақ батыр ауылдық округінде 5 мектеп бар, 3 – орта мектеп, 2 – негізгі мектеп бар. Олар:

  1. Ж. Тобаяқов ат. ОМ - 116 оқушы, 24 мұғалім; 11 кіші қызметкер.
  2. Жаңалық ОМ - 144 оқушы, 35 мұғалім
  3. Қарымсақ ОМ - 106 оқушы, 28 мұғалім
  4. Доланалы НМ - 71 оқушы, 19 мұғалім; 16 кіші қызметкер.
  5. Ақбастау НМ - 48 оқушы, 22 мұғалім, 10 кіші қызметкер.

Жайнақ батыр ауылдық округінде барлық мұғалімдер саны – 128. Білім мекемелерінің барлығы интернет желісіне қосылған.

Жаңалық орта мектебінің ғимаратын ағымдағы  жөндеу жұмыстарына 2022 жылғы бюджеттен 30 млн теңге қаржы бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша "ANVAR Valve Group" ЖШС-гі 18 млн 906 мың теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмысы толық аяқталды.

Шағын кәсіпкерлік бойынша

  Жайнақ батыр ауылдық округінде барлығы 240 шаруашылық субъектілері жұмыс жасайды, оның ішінде: ЖШС 2, ШҚ 210,  ӨК 1, АӨК 1, ЖК 26.

Халыққа қызмет көрсету нысандары барлығы 26 дана, олар:  23 – дүкен және 3 – асхана.  Жоғарыда аталған нысандарда барлығы 42 адам жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау бойынша

  Жайнақ батыр ауылдық округі бойынша 2 дәрігерлік амбулаториясы және оған қарасты 3 медициналық пункт бар. О лар Жайнак батыр және Жаңалык дәрігерлік амбулаториясы, медициналық пункттер Доланалы МП, Ақбастау МП, Қарымсақ МП.

Жайнак батыр ауылы бойынша 1973 жылы салынған 1 дәрігерлік амбулаториясы және оған қарасты 2 медициналық пункт бар олар:Доланалы МП, Ақбастау МП.

Дәрігерлік амбулаторияның меңгеруші қызметін Додабекова Турган Екеновна атқарады.

Жайнақ батыр дәрігерлік амбулаториясы 1 дәрігер, 7 орта буынды қызметкерлер (3 медбике, 3 фельдшер, 1 акушер), оның біреуі мектеп медбикесі қызметкерлерден құрылған. Барлық медицина қызметкерлерінің мамандыға сәйкес сертификаттары бар.

Жайнақ батыр дәрігерлік амбулаториясы бойынша:

  • туу көрсеткіші 2022 жылы – 16 бала.
  • өлім көрсеткіші 2022 жылы – 5 адам.
  • бала өлімі көрсеткіші 2022 жылы - 0
  • бруцеллез ауруымен аурушаңдық көрсеткіші 2022 жылы - 0.
  • туберкулез ауруының көрсеткіші 2022 жылы-1.

2022 жылдың емханадағы жүргізілген қабылдаудың саны – 2600

Жаңалық ауылы бойынша 1979 жылы салынған 1 дәрігерлік амбулаториясы халыққа қызмет көрсетеді және оған қарасты   1 медициналық пункт бар, ол Қарымсақ МП .

Дәрігерлік амбулаторияның меңгеруші қызметін  Оробцова Раиса Николаевна атқарады.

Жаңалық дәрігерлік амбулаториясы 1 дәрігер, 7 орта буынды қызметкерлер (3 медбике, 1 зертханашы, 2 фельдшер, 1 акушерка), оның біреуі мектеп медбикесі. Барлық медицина қызметкерлерінің мамандығына сәйкес сертификаттары бар.

Жаңалык  дәрігерлік амбулаториясы бойынша:

  • туу көрсеткіші 2022 жылы - 14 бала
  • өлім көрсеткіші 2022 жылы - 6 адам.
  • бала өлімі көрсеткіші 2022 жылы – 0.
  • бруцеллез ауруымен аурушаңдық көрсеткіші 2022 жылы – 1.
  • туберкулез ауруының көрсеткіші 2022 жылы - 1.

2022 жылдың емханадағы жүргізілген қабылдаудың саны – 5605.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша

Ақбастау ауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 2022 жылы бюджеттен 53 млн 902 мың теңге қаржы бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз "РСУ" ЖШС-гі 100 пайыз жұмысты аяқтады.

 Жайнақ батыр ауылдық округіндегі тасқын және еріген қар суларының жиналуына арналған "Жаманбұлақ" тоғанын реконструкциялау" құрылыс жұмысына 2021 жылы бюджеттен 103 млн 514 мың теңге қаржы бөлінді. «Жаманбұлақ тоғанын реконструкциялау" құрылыс жұмыстары толығымен 2022 жылы аяқталды. Жауын шашын жоқ болуына байланысты су мөлшері азайып кетті.

Жаңалық ауылына шағын футбол алаңын және спорттық жабдықтар мен балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарына 39 млн 605 мың теңге қаржы бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз "КазСтрой Group LTD" ЖШС-гі 26 млн 544 мың теңгеге жеңімпаз болып, 100 пайыз жұмысты аяқталды. 

 Қарымсақ ауылындағы су ағатын арналарды тазалау жұмыстарына 2022 жылы бюджеттен 1 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, 22 қыркүйекте келісім шарт жасалды. Тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жаңалық ауылындағы су ағатын арналарды тазалау жұмыстарына 2022 жылы бюджеттен 2 млн 888 мың 40 теңге бөлініп, 28 қыркүйекте келісім шарт жасалды. Тапсырыс беруші Жайнақ батыр ауылдық округ әкімі аппараты. Тазалау жұмыстары жүргізілді.

 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы аясында Жайнақ батыр ауылдық округі бойынша

  • Жастар тәжірибесіне 1 адам;
  • Алғашқы жұмыс орны бойынша-2 адам
  • Кәсіптік қайта даярлау курсына 3 адам;
  • Қоғамдық жұмыстарға 28 адам;
  • Тұрақты жұмысқа 91 адам орналасты;
  • Күміс жас жобасы бойынша – 3 адам
  • Ашылған жаңа жұмыс орындары-116
  • Электрондық биржа арқылы жұмысқа орналастыру-38
  • Әлеуметтік жұмыс орындары-7

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасы 16, ондағы адам саны 89.

Жеке және заңды тұлғалардың   қабылдауы бойынша:

 Жеке қабылдау бойынша 38 өтініш тіркелді, оның ішінде жеке тұлғалардан 36, заңды тұлғалардан 2 адам.

- Жер мәселесі бойынша 22,

-ТҮКШ бойынша- 4,

-Әлеуметтік мәселе -11.

Өзге де мәселе-1.

 Жеке мәселелер бойынша -29 адам қабылданды, оның ішінде 14 мәселе оң шешімін тауып, 15 мәселеге түсініктеме берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларға сәйкес жүргізіліп және мерзімді орындалуы қадағалауға алынып, жұмыстар атқарылуда.

Әкім аппаратында "Е-лицензиялау" АЖ орнатылған, онда мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)

Мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды портал арқылы алу бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес халық арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Қылмыс бойынша

2022 жылдың 12 айында  ауылдық округте 1 қылмыс тіркелді, оның ішінде 1 қылмыс ашылды.

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Information

Сейчас читают

Information
18 ноября 2024
Current questions about UAPF
Information
15 ноября 2024
In the international ranking of pension systems, Kazakhstan took the position of the "golden mean"
Information
13 ноября 2024
UAPF held an online seminar “School of Financial Journalism on the Issues of the Funded Pension System”

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты