Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 3 (үш) елді мекен бар. Олар: Талдыбұлақ, Бостан және Терісаққан ауылдары. Округ бойынша аула саны- 437: Халық саны - 2192: Талдыбұлақ ауылында 1359 адам, Бостан ауылында 809 адам, Теріссақан ауылында 24 адам тұрады.
Талдыбұлақ ауылдық округінде 180 шаруа қожалығы бар. Барлық ауыл шаруашылық мақсатындағы жер 18 346 гектар.
Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша «Алтын алқа» иегерлері – 16, «Күміс алқа» иегерлері – 19, көпбалалы аналар – 86, зейнеткерлер – 255, Жастар саны – 364, 2022 жылы дүниеге келген сәбилер саны – 14, қайтыс болған адамдар саны – 10 адам.
Шағын кәсіпкерлік бойынша
Халыққа қызмет көрсету нысандары барлығы – 14 дана, олар 11-дүкен, 1-тойхана, 1-дүңгіршек, 1-сүт алатын кәсіпкер.
Денсаулық сақтау саласы
Округ аумағында 1 – дәрігерлік амбулаториясы, 1 фельдшерлік – акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Штаттық кесте бойынша барлық қызметкерлер саны 14, оның ішінде 10 медициналық қызметкерлер, 4 орта буынды қызметкерлер халыққа қызмет көрсетуде. Талдыбұлақ дәрігерлік амбулаториясында 1446 халық тіркелген. 2022 жылы – 98 адамға қабылдау жасалды, 28 науқасқа екпе салынды.
Талдыбұлақ дәрігерлік амбулаториясы бойынша қаралғандардың жалпы саны – 5010, оның ішінде өз үйінде қаралғаны – 1960, келгені – 3050 адам. Жалпы округ бойынша 2022 жылы 9 адам қайтыс болып, - 15 бала дүниеге келді, жүкті әйелдер саны 8, жалпы мүгедектер саны 47, оның ішінде I-топ 4 адам, II-топ 22 адам, III-топ 16 адам, мүгедек балалар саны 5.
Білім беру саласы
Округ аумағында 2 орта мектеп орналасқан, Талдыбұлақ ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша 176 оқушыға 44 ұстаз дәріс береді. Биыл оқу жылында 7 оқушы 11-сыныпты аяқтады, 5 грантқа түсті, 2 оқушы ақылы оқуға түсті. 2022 жылғы оқу жылына 1 сыныпқа 17 оқушы қабылданды.
Бостан ауылы Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі бойынша 101 оқушыға 25 ұстаз дәріс береді. Биыл оқу жылын 7 оқушы 11-сыныпты аяқтады. 2 Грантқа түсті 4 ақылы оқуға түсті. 2022 жылғы оқу жылына 1 сыныпқа 17 оқушы қабылданды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың балабақшасы туралы.
Округтегі Талдыбұлақ ауылы «Балауса» шағын орталығында 50 бала, Бостан ауылы «Айгөлек» шағын орталығында 35 бала тәрбиеленеді. Қысқа мерзімде 10 бала, ұзақ мерзімде 25 бала тәрбиеленеді.
Мәдениет саласы
Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.
Мәдениет үйінің іші – сыртына 2013 жылы тамыз айынан бастап желтоқсан айының 30 – на дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылдың 24 – қаңтарында 330 – орындық мәдениет үйінің ашылу салтанаты өткізілді. Барлық терезелерге перде ілінді. Қазіргі заман талабына сай музыкалық аспаптарымен және дыбыс күшейткіштермен толық жабдықталды. 2019 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көрермен залының едені мен электр жүйелері жаңартылды. Мәдениет үйінде 8 – үйірме жұмыс істейді оған 74 адам қатысады. 2022 жылы өткізілген іс – шара саны 341, қатысқан адам саны – 18500.
Кітапхана саласы
Оқырман саны – 1227; Кітап берілімі – 24730; Келушілер саны – 12290; Кітап қоры – 12649; Мемлекеттік тілдегі кітап – 4078; Жаңа түскен кітап – 118.
Спорт саласы
Талдыбұлақ ауыл округінің спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жыл 32 іс-шара өткізілді.
Ауыл шаруашылық саласы
Округте жалпы мүйізді ірі қара мал басы 5461, аналық мал басы 1711, жылқы 1210, аналық мал басы 467, қой – ешкі 9659, аналық мал басы 3355, шошқа 330, аналық мал басы 32, құс 6250 бар.
«Мал ауруларының алдын-алу барысында келесідей жұмыстар атқарылды» Жыл басынан жоспарлы диагностикалық әдіспен қан сынамалары арқылы тексерулерден, мүйізді ірі қара малдын 4924 бас, ұсақ мүйізді малдан жоспар бойынша 7023 ауыл шаруашылық малдарынан қан сынама алынып, нәтижесі таза болды. Ауыл шаруашылық малдардың бірдейлендіру жұмыстары толық орындалды.
Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 2022 жылы ветеринариялық алдын алу іс-шараларының жоспары: бруцеллез ауруына тексерілген малдар: 3542 мүйізді ірі қара малдар, ұсақ мүйізді малдар 5356;
Егулер мен емдеу – профилактикалық іс-шаралары бойынша: құтыру (бешенство) ауруына қарсы ит-100, аусыл ауруына қарсы мүйізді ірі қара-3000, ұсақ мал-2400, шошқа-100, пастереллез ауруына қарсы мүйізді ірі қара-1840, жылқы-725, ұсақ мүйізді мал-4804, шошқа-266, сібір жарасы ауруына қарсы мүйізді ірі қара-3000, ұсақ мал-3600, жылқы-700, шошқа-150, эхинококкоз ауруына қарсы ит-500, шешек (оспа) ауруына қарсы ұсақ мал 3500, қарасан (эмкар) ауруына қарсы мүйізді ірі қара-3550, сүйел (эктима) ауруына қарсы-3300, ұсақ мал-1200, туберкулез ауруына қарсы мүйізді ірі қара – 2900, ринотрахеит ауыруына қарсы мүйізді ірі қара-600, сақау (мыт) энзоотия ауруына қарсы жылқы-192, нодулярлы дематит мүйізді ірі қара-1900 егілді.
2022-2023 жылдарға мал қыстауға қажетті мал азығының жоспары бойынша
Шөп (14 000) 116,7% орындалған, сабан (4000) 100%, пішендеме (силос) (6600) 100%, жемдік азық (3954) 98,6%, Астық (11 122) 100% орындалды.
Қажетті тұқым қоры жеткілікті. Барлық тұқым ауыл шаруашылық бөлімінен зерттеуден өтті жəне барлық ауыл шаруашылық техникалары жөндеуден өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларға сәйкес жүргізіліп және мерзімді орындалуы қадағалауға алынып, жұмыстар атқарылуда.
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында "Е-лицензиялау" АЖ орнатылған, онда мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)
Мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды портал арқылы алу бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес халық арасында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
Округ аумағында 2 мешіт орналасқан. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылды. Округте діни ахуал тұрақты. Мешіттердегі мешіт қауымының арасында біздің тарапымыздан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздіктің алдын-алу жұмыстары атқарылды.
Қоғамдық тәртіп, қылмыстың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Талдыбұлақ ауылдық округінде учаскелік полиция тірегі жұмыс істейді. Біздің округке 1 учаскелік полиция қызметкері бекітілген (Базарбаев Аслан Мұхтарұлы).
2022 жылы округте 2 қылмыс тіркеліп, ашылды.
Салық түсімдері:
2022 жылы салықтың 4 түрінен:
|
№ |
КБК |
Салық түрлері |
Жоспар /теңге/ |
Жыл басынан түсімдер /теңге/ |
Пайызы |
|
1 |
101 202 |
Жеке тұлғалардың төлем көзіне салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы |
3 000 169 |
650 400 |
21,6 % |
|
2 |
104 102 |
Жеке тұлғалардын мүлік және жер салығы |
399 000 |
774 700 |
194,1 % |
|
3 |
104 402 |
Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы |
5 145 000 |
6 836 000 |
132,8 % |
|
Барлығы |
3 |
8 544 169 |
8 261 100 |
Жалпы 8 млн 261 мың 100 теңге жиналды.ып, тапсырма 96,6% пайызға орындалды.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет
Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша күз мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын тізім бойынша 29 адам. Оның ішінде:
- 4 борышын өтеуде:
- 1 Тараз қаласынан әскери борышын өтеуге аттанды;
- 11 адам студент, оқу орындарынан анықтамалар жинақталып өткізілді;
- 2 адам округте тұрмайды;
- 1 отбасылы;
- 1 мұғалім;
- 1 Қарасай ауданына ауысты;
- 3 медициналық көрсеткіш бойынша жарамсыз;
- 1 бас бостандығынан айырылған;
- 4 шақырту берілді;
Төтенше жағдайлардың алдын алу
2022 жылы Талдыбұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты өз жұмысын бекітілген іс – шаралар жоспарына, ауылдың әлеуметтік–экономикалық даму бағдарламасына және кенттің сәулеттендіру, абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру жоспарына сәйкес ұйымдастырды.
Көктемгі санитарлық тазалықты өткізу кезінде округ аумағында 21 көше, 16 ірі және 58 шағын құбырлы өткелдер тазартылды, округтің 6 ірі және 12 шағын арық жүйелері тазартылды. Қыс мезгілінде шаруа қожалықтарымен бірге көшелер мен жолдар қардан тазартылды. Талдыбұлақ ауылының тұрғындарымен бірлесіп сумен жабдықтау жүйесінде монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бастап ауылдық округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ салдарын жою мақсатында жиналыс өткізілді, онда хаттамалық нысанда 27 адамнан тұратын ЕӨҚ (ерікті өртке қарсы құралым) тізімі және адамдарды тасымалдауға арналған 8 трактор және 2 автомобиль санындағы көлік құралдарының тізімі бекітілді.
Округте су орындары мен өзендердің жағалауларының тазалығын қарау комиссиясы құрылған. Талдыбұлақ ауыл округіне қарасты Талдыбұлақ, Бостан, Терісаққан елді мекендерінде су орындары мен өзендер үнемі тазаланып тұратындықтан, тазалығы санитарлық талапқа сай.
Құрылыс жұмыстары бойынша
Ауыз су
Талдыбұлақ ауылына таза ауыз су жүргізу жұмыстары басталып, қазіргі уақытта жұмысы ауа райына байланысты тоқтап тұр. Бөлінген қаржы 684 млн 491 мың теңге. Мердігер компания: “Универсал Строй Сервис” ЖШС.
Көшелерді жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары
Бостан ауылының ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер компания: «Mega Stroy 2019» ЖШС.
Балалар алаңы мен спорт алаңының құрылыс жұмыстары
Талдыбұлақ ауылдық округінде, Бостан ауылында Момбаев көшесіне Футбол алаңдары мен балалар алаңын және спорт тренажерлары салынды, мердігер компания “КазСтрой Group LTD” ЖШС.
Электрофикация және орталық көшелерді жарықтандыру
Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 2 (екі) елді мекенде, Талдыбұлақ- 5 көше, Бостан-4 көше ауылдарынның көшелеріне электр бағаналарын орнатып көшелерді жарықтандыруға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталып, қазіргі уақытта жұмысы ауа райына байланысты тоқтап тұр. Мердігер компания «ЭЛКОМ» ЖШС- бөлінген қаржы 128 млн 626 мың 767,4 теңге.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша
- Жастар тәжірибесіне 2 адам
- Қоғамдық жұмыстарға 24 адам жіберілсе,
- Тұрақты жұмысқа 6 адам орналасты.
- Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 адам грант алды.
Атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 14 отбасына көрсетілді.
Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары
Округ аумақтарын көгалдандыру, тазалық және санитарлық жұмыстары бойынша іс-шаралар бекітіліп, жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Ауылдық округте аптаның әр жұма күні «Тазалық» күні деп белгіленіп, елді мекен тұрғындарын тазалыққа шақыратын жұмыстар жүргізілді. Жұма күндері 3 елді мекен тұрғындары мен бюджеттік мекемелердің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылды. Гүл, ағаш көшеттерін отырғызатын жерлерге көң тасып, төсеу жұмыстары ұйымдастырылды. Ауылдық округ айналасына қайта гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Отырғызылған көшеттерді сақтап, өнімділігін арттыру үшін жаз айларында гүл көшеттерін суғару жұмыстары атқарылды.
Орталық көше бойларындағы ғимараттар мен тұрғын үйлер заманауи бояулармен боялып, көшелерімізді шырайлана түсіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді. Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының орталық Абай Құнанбаев көшесін Талдыбұлақ ауыл әкімдіктері жұмысшылары көмегімен сырлау, бояу жұмыстарын ұйымдастырдық. Біздің тарапымыздан сыр, бояу, щеткалары алынып берілді. Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 2 (екі) елді мекенде, Талдыбұлақ-Бостан ауылдарына 45 шырша отырғызылды. Талдыбұлақ-Бостан ауылдарындағы 150 ағаштар, бұталып әктелді.
Ауылдық округтегі барлық аялдамалар сырланды. Ауылдық округіндегі орнатылған аншлагтар мен елді мекен атаулары жазылған паннолары қайта жөндеуден өткізіліп, сырлау бояу жұмыстары атқарылды.
Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жылға жоспар