Меню

Страницы

Статья

Information on the results of the work done in 2022 of the Zholaman rural district of kerbulak district

Жоламан  ауылдық округінде халық саны 1564  адам, аула саны -350, 7 елді мекен бар. Олар: Жоламан ауылы, Сәмен ауылы, ст.Жоламан, ст.Дала, ст.Архарлы, ст.Алтындала, ст.Сайлы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша

Оның ішінде:

Елді мекендегі көшелерді жарықтандыру

Жоламан ауылының 8 ішкі көшелерінің түнгі жарықтарына

82 716 000 тг бөлініп, аудандық ТҮКШ және ТҮИ  бөлімі конкурсқа берді.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету

1)Жоламан ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі қоқыс (қауіпті емес заттар) қалдықтарды жинау бойынша қызметтер мен жұмыстарының жалпы соммасы-950 000  теңге.  Игерілгені 850 мың теңге 00 тиын, яғни Жоламан, Сәмен ауылының күл-қоқыстарын тазалауға (рекултивация) жұмсалды. Мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жарияланды. Ұсынылған жарнама негізінде жеңімпаз анықталып «ТАЗАЛЫҚ» ЖК мердігерімен 950 000,0 теңгеге, келісім-шарт жасалды. Қызмет үшін төлем жасалды, бөлінген сома игерілді.

Елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру

1) Жоламан  ауылдық округіндегі Сәмен батыр музейін күтіп ұстауға 3000 000 теңге 00 тиын.  Конкурсқа беріліп, конкурс бойынша 3000 000 теңге 00 тиын ұтып алған мердігерлермен келісім шарт жасалынды, толық игерілді.

 2)Жоламан ауылына шағын футбол алаңы және спорттық жабдықтар мен  балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстарына 39 605 000 теңге 00 тиын бөлінді. Конкурс бойынша "АС-САПА ҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  27 664 000 теңге 00 тиынға ұтып алған, мердігерлермен келісі-шарт жасалып, құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, қаражаты 100 пайызға игеріліп, қалған 11 941000 теңге үнемделген қаржы аудандық мәслихатпен кері қайтарылды. Жоламан ауылына шағын футбол алаңы және спорттық жабдықтар мен  балалар ойын алаңының құрылысы толық аяқталып қолданысқа берілді.

3)Жоламан ауылдық округіне қарасты Сәмен ауылына шағын футбол

алаңы және спорттық жабдықтар мен  балалар ойын алаңың орналастыру жұмыстарына 41 821 000 теңге 00 тиын бөлінді. Конкурс жарияланып,  Жеке кәсіпкер «Кенженова» 29 107 000 теңге 68 тиынға ұтып алып, келісім-шарт жасалды. Кәзіргі таңда құрлыс жұмыстары толықтай орындалды, үнемделген 12 713 мың теңге 32 тиын мәслихатқа кері қайтырылды.

 4) 2022 жылы «Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылы мәдениет үйіне

күрделі жөндеу» жұмыс жобасы сараптамадан өтіп дайын болды. Оның ішінде құрылыс монтаж жұмыстары 492,7 млн. теңге, техникалық бақылау 16 млн. теңге, авторлық бақылау 1,3 млн. теңге. Ағымдағы жылы нысанды күрделі жөндеуге 200 млн. теңге бөлініп, конкурсқа шығарылды. Қалған 314 млн. теңге 2023 жылы бөлінеді.

Бүгінгі  күні мердігер женімпаз анықталды. ТОО «Град Строй

Сервис» Тапсырыс беруші «Кербұлақ ауданы ішкі саясат мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі».

         Жоламан ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмысына 2022 жылға 189 млн 46 мың теңгені тендрден ЖСШ «Град-Строй-Сервис» ұтып алып,             2022 жылдың 12 қазанында құрылыс жұмыстарын бастап, бүгінде 30 % жұмысы жасалды, жұмыс ары қарай жалғасуда.

Ауылшарушылық саласы бойынша

Жоламан ауылдық округінде 54 жеке шаруа қожалықтары бар. Жалпы жер көлемі - 47311,7 шаршы км, оның ішінде шаруа қожалықтарының жері-34866,5 шаршы км, оның ішінде егістігі-6904,5 шаршы км, жайылымы-29828,1 шаршы км.

Жоламан  ауылдық округінде 1 ЖСШ,  54  шаруа  қожалығы   жұмыс   істейді.

2022  жылы себілген  егістік  6 шаруа қожалығы 450 га жерге арпа егіліп, 265 га жерге күздік бидай егілді, 900 га софлер егілді. 

 Ауыл тұрғындары  бойынша  себілген көкөніс  көлемі – 1  га.

 Алынған өнім:  округ бойынша  дәнді  дақылдан – орташа есеппен 1 гектардан 17,5 ц, шөптен-42,0 ц.

Мал шаруашылығы бойынша

Ауыл округі бойынша бойынша 2023 жылдың 01 қаңтарына  ауыл тұрғындарының және жеке шаруа қожалықтарының мал басы барлығы:

2 436- бас мүйізді ірі қара, 28092- бас қой-ешкі, 1242- бас жылқы, 3175- бас құс өсірілуде.

Округ бойынша 350 аула тіркелген, оның ішінде малы бары 320 аула.

Ветеринария бойынша

 Округ вет.пунктінде 7 адам жұмыс істейді, олар:1 вет.пункт меңгерушісі,              1 вет.дәрігері,1 вет.фельдшері, 4 вет.оператор.

Жыл басынан жоспарлы бруцеллез ауруына диагностикалық тексерулерден жалпы өткені: Мүйізді ірі қара малдан 2570 бас сынама алынып. Ұсақ мүйізді малдан жоспар бойынша 28950 бас сынама алынып, 10 бас етқоректілерден бруцеллез ауруына қан сынамалары алынды, нәтижесі таза.

Ауыл шаруашылық малдардың бірдейлендіру жұмыстары толық орындалды. 

Жоламан ауылдық округі бойынша 2022 жылы ветеринариялық алдын алу іс-шараларының жоспарға сәйкес:  Құтыру ауруына  қарсы: МІҚ 2200 бас, ҰММ 6000 бас, Жылқы 700 бас егілді. Аусыл ауруына қарсы: МІҚ 5960 бас және ҰММ 37950 бас егілді; Пастереллез ауруына қарсы: МІҚ 2165 бас, ҰММ 24437 бас, жылқы 850 бас егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы: МІҚ 2800 бас, ҰММ 31600 бас, Жылқы 900 бас егілді. МІҚ Қарасан ауруына қарсы 3400 бас егілді. ҰММ Шешек ауруына қарсы 28300 бас, ҰММ Эктима ауруына қарсы 7900 бас, Туберкуллез ауруына аллергиялық зерттеу: МІҚ 2800 бас, Нодулярлы дерматит ауруына қарсы 2800 бас, Жылқының сақау ауруына  204 бас егілді.

Жергілікті салықтардың   орындалу  барысы бойынша

 Жоламан    ауылдық округі  бойынша  2022 жылға жергілікті өзін-өзі  басқарудың бюджетіне түсетін  жергілікті  салықтар  бойынша  жылдық жоспар барлығы: -7526,0 тенгені құрайды.

 -Мүлік және жер салығы -135,0 тенге, орындалуы-100 %

 -Көлік салығы (жеке және заңды тұлға бойынша) -7391,0 тенге, орындалуы- 100%. 

Шағын кәсіпкерлік бойынша

Жоламан ауылдық округінде барлығы 69 шаруашылық субъектілері жұмыстарын атқарып жатыр, оның ішінде: АҚ - 0,          ЖШС - 1, ШҚ - 51, ЖК -17.

Халыққа қызмет көрсету нысандары барлығы -16 дана,олар: 8 – дүкен, 1 - пошта, 1 – Дәріхана, 5 – кафе, 1 - Қатымхана және 1 – асхана. Жоғарыда аталып кеткен кәсіпорындарда барлығы 25 адам жұмыс жасайды.

Округ бойынша 2022 жылға тартылған инвестиция көлемі-438,251 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 2,8 % артып отыр.

Білім саласы бойынша

Жоламан ауылдық округінде білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Жоламан орта мектебі 624 орынға лайықтап салынған 3 қабатты жаңа типтік мектеп 1991 жылы пайдалануға берілген.  Жалпы  аумағы 3260 м/кв. Оның ішінде пайдаланатын аумағы 2838 м/кв.

2021-2022 оқу жылын аяқтаған 331 оқушы мен білім беруде 47 мұғалім білім береді.

Жоламан орта мектебінде мектепке  дейінгі  шағын орталық жұмыс істейді, ондағы бала саны-25 және түске дейінгіде-25 бала.

Денсаулық сақтау бойынша

Ауылдық дәрігерлік амбулатория материалдық-техникалық базасы бүгінгі күннің талабына сай, бүгінде пандемияға байланысты  9 орта буынды мед.бикелер халыққа адал қызмет көрсетуде, ақ халатты абзал жандардың сапалы еңбегінің арқасында округ аумағында бірде- бір КВИ тіркелмеген.

Жоламан ауылдық дәрігерлік  амбулаториясында жалпы барлығы-10 адам істейді, олар: жоғары білімді дәрігер –1 адам, фельшер -2 адам, мед.бике-4  адам, акушер- 1 адам,  соц.работ-1,санитар-1 адам, жүргізуші-1 адам. Оның ішінде: ст.Жоламанда ФП, онда 1 фельшер жұмыс істейді. Барлық маман толық ставкамен қамтамасыз етілген.

Округте 1 жедел жәрдем автокөлігі бар.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы аясында Жоламан ауыл округі бойынша

Жастар тәжірибесіне 0 адам

Кәсіптік қайта даярлау курсына 11 адам

Қоғамдық жұмыстарға 2 этаппен 16 адам тартылды,

Тұрақты жұмысқа 10 адам орналасып,

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2 адам грант алу үшін қаржыландыру күтуде.

2022 жылы Жаңа форматағы атаулы әлеуметтік көмекті  жарты

жылдықта  алғандар

 -  АӘК тағайындалған отбасы: 2    Ондағы адам саны: 12

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет   2 отбасына   3 балаға оның ішінде 1-3 жасқа дейін 2 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 1 балаға  берілді

2022 жылы өз істерін ашу үшін қайтарылмайтын грант алған адамдар:

-Несие алған адам саны-0

-Алған суммасы-0

2022 жлы Кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алған адамдар:

-Несие алған адам саны- 0

-Алынған суммасы-  0  теңге

Қылмыс бойынша

 2022  жылдың 12 айында округ бойынша ауылдық округте    6-  қылмыс тіркеліп,   5 –де   ашылды, 1-уі ашылмады тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Information

Сейчас читают

Information
18 ноября 2024
Current questions about UAPF
Information
15 ноября 2024
In the international ranking of pension systems, Kazakhstan took the position of the "golden mean"
Information
13 ноября 2024
UAPF held an online seminar “School of Financial Journalism on the Issues of the Funded Pension System”

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты