Меню

Страницы

Статья

Information of Kogaly rural district of kerbulak district on the results of 2022

2023 жылдың 1 қаңтарына статистикалық деректер бойынша Қоғалы ауылдық  округтің халқы 4103 адамды құрады. 2022 жылы ауылдық округ аумағында 28 бала дүниеге келіп, 23 адам қайтыс болды.

Округ бойынша 37 көшеде 1175 аула, 25 әртүрлі  мекеме орналасқан.

Жер қатынастары саласы бойынша округте ауыл шаруашылық жер көлемі 30235 гектар, оның егістік жері 13778 гектар, жайылымдық  жері- 15653 гектар, шабыңдық жері-1027 гектар, елді мекендер орналасқан жер көлемі 1048 гектар.

Қарапайым ауыл тұрғындары бау-бақша мен шабындық мақсатта қолданылатын 1876 гектар. Қалған 6572 гектар жер ауылдық округке қарасты ауыл щаруашылық малдарының жайылатын жайылымдық жері.

2022 жылы округ бойынша бидай – 848 гектар, арпа –12103 гектар, картоп – 504 гектар, сұлы- 24 гектар, көкөністер- 51 гектар егілді.

2022 жылы  дәнді дақылдар бойынша орташа түсімі 17,5 центнер болды, жалпы жиналған өнім көлемі-241мың12 тонна.

Үкімет тарапынан берілетін кепілдендірілген бағамен жанар-жағармай ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне егістік жер көлеміне сай  таратылып берілді.

Қоғалы ауылдық округінің жеке шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуы есебінен 2022 жылы округ бойынша 124 млн 66 мың теңге сомасында инвестиция тартылды.

2023 жылдың 1-қаңтарына мүйізді ірі қара мал 5 мың 634 бас; қой - ешкі 11 мың 420 бас , жылқы  1мың 732 бас; құс 12 мың 117 бас, шошқа 348 басты құрады. Бал ара ұясы-272.

Округте 6 мал дәрігері қызмет көрсетеді. 2022 жылы  жүргізілген ветеринар іс-шаралар кезінде мүйізді ірі қара малға, қой мен ешкіге, жылқыға сібір жарасы, пастереллез, қарасан, аусыл, сақау  ауруларын болдырмауға қарсы вакциналары егілді, сондай-ақ 5977 бас ірі қара және  9974 қой ешкі малдарынан бруцеллез ауруларына тексеруге қан алынды.

Округімізде қазіргі таңда бруцеллез, туберкулез ауруларынан малдар аман.

Жыл бойында аудандық ветеринар станциясының мамандарымен 55 қаңғабыс иттерді ауланып жойылған.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

Қоғалы ауылдық округі бойынша санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 01 сәуірінен бастап «Ауданның елді-мекендерін көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2022 жылғы 31 наурызындағы № 56 қаулысын негізге ала отырып, «Қоғалы ауылдық округінің елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі екі айлығын өткізу туралы» округ әкімінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 12 өкімімен тазалық жұмыстары жүргізілді.

 Бір жыл ішінде 20 сенбілік өткізіліп, оған 2790 адам қатысты. 36 көшенің аумағы, 1178 үйдің аумағы, 7 километр арық желісі, 45 км жол тазартылды, 280 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

2022 жылы Қоғалы ауылдық округінің санитарлық тазалығына 1 млн 850 мың теңге бөлінді. Конкурсты 1 млн 350 мың теңге сомасына "Тазалык" жеке кәсібі жеңіп алды. Олар округтің бес ауылында қоқыс тастайтын жерлерді қалпына келтірді.

2022 жылы Қоғалы ауылдық округін абаттандыруға 3 млн 500 мың теңге бөлінді. Барлығы 287 ағаш, 2720 гүл отырғызылды.

Ішкі көшелер мен кірме жолдарды жөндеуге биыл қаражат бөлінбеді, бірақ көше жолдарын жөндеу бойынша өткен жылғы кемшіліктер жойылды. Бұл-әкімдік алдындағы алаңға және Желтоқсан көшесіндегі қиылыстарға асфальт төселді.

Жарық шамдарын ауыстыру, релені баптау бойынша жұмыстар үнемі жүргізілді.

Салықтар және басқа да міндетті төлемдер:

Қоғалы ауылдық округі бойынша 2022 жылға 5 салық  түсімдерінің жоспары бойынша барлығы 21 млн 172 мың теңгені құрады.

Орындалғаны -105 пайыз.

Оның ішінде:

Мүлік салығы – жоспар 1млн 374 мың теңге,

орындалғаны 1 млн 374 мың теңге – 100% 

жер салығы – жоспар 344 мың теңге,

орындалғаны 372 мың теңге- 108,2%

Жеке тұлғалардың көлік салығы- жоспар 14 млн 684 мың теңге,

орындалғаны 14 млн 795 мың теңге -107% 

Табыс салығы- жоспар 4 млн 570 мың теңге,

Орындалғаны 5 млн 600 мың теңге -122,5%
Әлеуметтік сала

2021 – 2025 жылдары жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары 292 болса, бүгінге орындалғаны 292 орын немесе 100 %. Жұмыссыз ретінде тіркелген 13 адамның 70%-ы (9 адам) бағдарлама арқылы жұмысқа  орналастырылды. Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуды 1 адам аяқтап, жұмысқа орналасты.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін» 1 адамға 1 млн 200 мың теңге көлемінде қайтарылмайтын грант берілді.

Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға 5 жас маман мекемелерге жіберіліп, жоспар 70 пайызға орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға үшін 9 жас маман мекемелерге жолдама алып, жоспар 450 пайызға орындалды.

Әлеуметтік қызметкерлер әкім аппаратымен бірлесіп құжатталмаған және өмірге қауіп төндіретін тұрғындарды анықтау бойынша жұмыстары үнемі жүргізілуде. 2022 жылдың наурыз айында біз Текелі қаласының қарттар үйіне жалғыз тұратын зейнеткер Подвигина Нинаның тұруына барлық құжаттарды дайындадық. Құжаттарды рәсімдегеннен кейін оны жоғарыда аталған мекемеге тұрақты тұрғылықты жеріне апарды.

Қазіргі уақытта қамқоршысыз қалған ІІ топтағы мүгедек Цветашева Еленаны мүгедектер үйіне орналастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

2022 жылы біздің округ тұрғындарымен, кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен өткізілген акциялар мен іс-шаралар шеңберінде жалпы сомасы 2 млн 400 мың теңгеге қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді. Оның ішінде:

8-наурыз  халықаралық әйелдер күніне және көп балалы аналарға-200 мың теңге

9- мамыр, Жеңіс күнінде тыл ардагерлеріне -145 мың теңге

1-маусым балаларды қорғау күнінде мүмкіндігі шектеулі балаларға-50мың теңге

2-қазан  қарттар күнінде жалғыз басты зейнеткерлерге -620 мың теңге

30-желтоқсан  жаңа жыл мерекесіне мүмкіндігі шектеулі балалар және жалғыз басты зейнеткерлерге- 155 мың теңгеге  сыйлықтар берілді.

Мектепке жол акциясы аясында демеушілік тарапынан – 554 000 теңгеге көмек көрсетілді.

Қайырымдылық акцияларына қатысқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді.         

Білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша:

Ауылдық округ аумағында 4 орта және 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді. 2022-2023 оқу жылында округте  719 оқушы штаттық режимде білім алуда. Мектептерде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті, компьютерлік сыныптар бар.

Барлық білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне талшықты-оптикалық желі қосылған.

Округ бойынша 1 мемлекеттік балабақша, 2 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жүргізуде.

Денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алу мақсатындағы профилактикалық және диагностикалық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Округ халқына 1 аурухана, 1арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункттер арқылы қызмет көрсетеді.

Көбісі естіген болар, 2021 жылдың аяғында біздің округ аумағында "Алматы облыстық мүгедек балалардың ерікті-қоғамы" қоғамдық бірлестігінен тірек-қимыл аппараты бұзылған, мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімше ашылды және жұмыс істейді.

Шаған дәрігерлік амбулаторияны ағымдағы жөндеуге 21 млн 828 мың 878 теңге бөлінді. Конкурсты 12 млн 890 мың теңге сомасына "Ахмед - Курылыс" ЖШС жеңіп алды. Ағымдағы жөндеу толық өткізілді.

Көкбастау ауылының тұрғындарына Көкбастау ауылында алғашқы медициналық көмекті уақтылы алу үшін блоктық модульдік пункт салуға конкурсты 35 млн 949 мың 760 теңге сомасына "НСК MBM construction" ЖШС жеңіп алды. Құрылыс толығымен аяқталды, 2022 жылдың 30 желтоқсанында жаңа мекеме ашылды.

Мәдениет саласы

Округте 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық кітапхана жұмыс істеуде. Барлық іс-шара жоспарға сай орындалды.

2022 жылдың 16 тамыз айында "Саялы" жеке кәсіпкер  мәдениет үйінің алдындағы сквердің құрылысы жұмыстарына конкурс ұтып алды, саябақты абаттандыру жұмыстары  жүргізілді.

Жастар және спорт

 Қоғалы  округінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 946 адам. 2022 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға жататың шақырушылардың саны- 61 адам. Келген 52 адам.

Студент- 37 адам, оның ішінде  36 адам  оқу орыннан анықтама өткізілген.

Медициналық комиссиядан өткені -10 адам

Округте тұрмайтын – 4 адам,  анықтама өткізілді.

Әскерге кеткен 5 адам: қазан айында - 2 адам, қараша айында -2 адам

Желтоқсан айында -1 адам

Әскери қызметтен жалтарушылар, олардың ата-аналары шақыру қағазын алудан бас тарта отырып -5 адам. Осы әскерге шақырылушыларға қатысты белгілі бір шараларды қолдану туралы аудандық әскери комиссариатқа хат жолданды.

Учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп 10 әскерге шақырылушыға шақыру қағаздарын тапсыру бойынша жұмыс жүргізілді.

 Жастармен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» туралы іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ауылдық округтің полиция инспекторымен бірлесіп түнгі рейдтер жүргізілуде.

Округте үнемі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. Спортпен шұғылдану және пайдалы демалыс үшін Шаған және Тастыөзек ауылдарында балалар алаңдары мен спорттық тренажерлары бар шағын футбол алаңдары салынды.

Құқық қорғау саласы:

Құқықтық тәртіп бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша округте 24 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ашылуы 92% құрап отыр.

Округте жылдың көктем айларында, мал өріске шықпай тұрып әр ауылдың тұрғындарымен, бақташыларымен, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен округ әкімі жиын өткізеді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында қылмыстың алдын алу үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Қоғалы ауылдық округінде он үш табын бар және әр табын бақташыларымен үш жақты келісім шарт жасалынған.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, анықтау мақсатында және уақытылы тиісті шара қолдану үшін округ әкімі аппаратының ғимаратында өтініштерге арналған жәшіктер қойылды, және округ  әкімі  аптасына екі  рет азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылған. Жеке қабылдауы кестесі ғимаратында ішінде орналасқан.

2022 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына 159 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке қабылдауда-126.

Азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Арнайы органдар бірнеше рет қаңғыбас иттерді аулауды
  2. Қыс мезгілінде жолдар қардан үздіксіз тазалауды.
  3. Арықтағы судын көтерілуіне байланысты Жандосов, Тобаяқов көшелерінің тұрғындарына көмек көрсетуді .

4.Түнгі жарықтандырудың жанып кеткен шамдарын анықтау бойынша тұрақты рейдтер жүргізіліп,  оларды жаңаларына ауыстыруды. Қосымша түнгі жарық шамдары орнатылды.

  1. Округті абаттандыру аясында кейбір көше жолдарына қиыршық тас төсеуді.
  2. Зейнеткерлерге жылыту маусымына орай отын дайындауға көмек көрсетуді.
  3. Мал жаю үшін жүру трассасын босату мәселесі шешуді

8.Жайылымдық жерлерді ұлғайту мақсатында біз картоп отырғызуға пайдаланылатын жерлерді босату бойынша жұмыстарды жүргізуді.

Барлық өтініштер қаралып, оң шешімін тапты.

Қазіргі уақытта "Е-лицензиялау", "Е-өтініш" сияқты ақпараттық жүйелер іске қосылды және жұмыс істеуде.

 «Цифрлы Қазақстан» бағдарлама аясында Қоғалы ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында   өзіне-өзі қызмет ету бұрышы құрылған. Округ бойынша барлығы осындай 8 бұрыш бар. Бұрыштар компьютерлермен кажетті құралдарымен қамтылған. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында стендке мемлекеттік қызмет қағидалар мен регламенттері орналастырылған. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1000-нан астам түрлі анықтамалар алынды, оның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы анықтама, сотталған немесе сотталмағандығы туралы анықтама, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы және наркологиялық ұйымнан анықтамалар, сондай-ақ  портал арқылы 30 бала тууы тіркелген, неке қию куәлігін тіркеуге 9 өтініш берілген, 50-ден астам адам алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелген, 600-ден астам электрондық цифрлық қолтаңба ашылған және т. б.

Әрине, әкім аппаратының өзі округтің барлық мәселелерін шеше алмайды, сондықтан бастауыш партия ұйымымен, әйелдер кеңесімен, ақсақалдар алқасымен, қоғамдық кеңеспен, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп көптеген мәселелер шешіледі. Округте жоспарланған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Біздің алдымызда үлкен міндеттермен мақсаттар тұр. Алдағы уақытта осы міндеттерді толығымен орындауға бар күш жігерімізді саламыз.

Округ бойынша 2023 жылы атқарылатын  жұмыстардың жоспары

- Қоғалы ауылына кірме жолын орташа жөндеу

- Ауылішілік жолдарды жөндеу.

- 80 орынды Тастыөзек орта мектебінің құрылысы

- Шаған және Тастыөзек ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жаңғыртуға мәселесін шешу;

- Шаған ауылына түнгі көше жарық шамдарын орнату

- Тастыөзек және Күреңбел ауылдарында медициналық пункттердің блоктық модульдік конструкциясын салу.

- Елді мекендерде, қоғамдық орындарда көгалдандыру және абаттандыру, -

санитарлық-гигиеналық іс-шараларды ресімдеу және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Осының барлығы 2023 жылға атқарылатын жұмыстардың жоспары болып табылады.

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Information

Сейчас читают

Information
18 ноября 2024
Current questions about UAPF
Information
15 ноября 2024
In the international ranking of pension systems, Kazakhstan took the position of the "golden mean"
Information
13 ноября 2024
UAPF held an online seminar “School of Financial Journalism on the Issues of the Funded Pension System”

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты