Меню

Страницы

Статья

New Year's greeting speech of the Akim of the district

Құрметті аудан тұрғындары

және қонақтары!

Жаңа жыл қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің түпкір - түпкірінде мерекелік шараларды өткізу рәсімі өтіп жатыр.

Ескі жылға тағзым етіп, келер жылды қарсы алудың символына айналған жасыл шыршаның мерекелік салтанатына қош келдіңіздер! 

Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар.

Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық пен үміт күтеміз!

 Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, келе жатқан жаңа «Қоян» жылы аудан халқының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартатын, ел экономикасын көтеретін құтты жыл болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жарқын болашаққа деген сенімі нық болсын!

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Барлық бастамалардың бағы жанып, биік белестер мен асқар асуларға жетелесін!            Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жаңа 2023  жылмен барша Күреңбелдіктерді шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Әр шаңыраққа береке-бірлік, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Дата публикации
31 декабря 2022
Дата обновления
Тип
Speech

Сейчас читают

Information
18 ноября 2024
Current questions about UAPF
Information
15 ноября 2024
In the international ranking of pension systems, Kazakhstan took the position of the "golden mean"
Information
13 ноября 2024
UAPF held an online seminar “School of Financial Journalism on the Issues of the Funded Pension System”

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты