Қадірменді әріптестер!
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қызмет толығымен жаңартылып, заман ағымына орай реформаланды. Ұлт жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 23 қарашасында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы қабылданып, мемлекеттік аппараттың қызметін үйлестіретін заңнамалық база толығымен жаңартылып, меритократия принципіне негізделген мансаптық моделіне ауыстырылды.
Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жолдауынан кейін Қазақстанда тағы үш облыс, Абай облысы, Ұлытау облысы және Алматы облысы аумағында Жетісу облысы құрылды. Бұл өңірдің дамуына қуатты серпін береді.
Дербес басқаруда жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешуде оңтайлы ахуал қалыптастырады.
Жалпы мемлекеттік қызметтің барған сайын мәртебесі өсіп, жауапкершілігі арта беретін болады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Президент жарлығымен 23 маусым – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Бұл тұтастай алғанда, әрбір мемлекеттік қызметшінің ар, абыройын, имиджін көтеруге арналған.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында басты құралы болып табылатын Әдеп Кодексі.
Бұл жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбеті ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандартын белгілейді.
Нақты айтқанда мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарында 155 мемлекеттік қызметшінің 22-і аудан әкімі аппаратында, 43-і аудандық бөлімдерде, 90-ы ауылдық округтер әкімдері аппараттарында қызмет атқарады.
Сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың аудандық құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік кірістер, қазынашылық, статистика, тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында, аумақтық инспекцияда, төтенше жағдай бөлімінде мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді.
Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.
Бір қызығы, бүгінде Германияда «Мемлекеттік қызмет» ұғымы жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Қоғамдық қызмет» термині пайда болды және бұл ұғым неміс саясаттанушыларының сөздігіне мықтап енді.
Барлық Еуропа елдерінің ішінде Францияда Мемлекеттік қызметтің мәртебесін анықтайтын құқықтық актілердің ең дамыған жүйесі жұмыс істейді. Мұнда мемлекеттік қызмет ең беделді және абыройлы қызмет. Францияда мемлекеттік қызметшілерге мемлекет пен жергілікті билік органдары жалдаған барлық адамдар, медициналық және білім беру құрылымдарында қызмет ететіндердің барлығы жатады. АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлерге пошта қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер де кіреді.
Біздің мемлекетте аудан тұрғындарының
әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігі мемлекеттік қызметшілерге бекітілген.
Бүгінгі мереке күні ауданның мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, Қарағанды қаласында самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында 98 келі салмақ дәрежесінде аудан әкімінің орынбасары Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 2022 жылы 7-10 маусым күндері аралығында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің XIV жазғы спартакиадасында ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған командасы II орынға ие болды.
Аталған жарыста аудан әкімінің орынбасары Досалбаев Ермек Сарқытбайұлы қазақ күресінен
I орынға, Талдыбұлақ ауылдық ауылдық округінің бас маманы Болат Сәкен жүзуден I орын, воллейболдан мемлекеттік қызметшілерден құралған командамыз
II орынға, Үстел теннисінен аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Орынтай Аблай Аханұлы
III орынға және шағын футболдан мемлекеттік қызметшілерден құралған командамыз IV орынға ие болды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық пен құзыреттілікті дамыту және ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдамтырылған «Ми battle» ойынына белсенді қатысқаны үшін Айдана, Аида, Айгүл қыздарымыз Алғыс хатпен марапатталды.
«Мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету». Аталған салада еңбек ету барлығының қолынан келе бермейді. Мамандардың жұмысы терең білім мен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Осы салада адал еңбегімен көзге түсіп мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін Сарыбастау ауылдық округінің бас маманы Тұрғанбаева Ләззат Бейсенқызын, Жоламан ауылдық округінің бас маманы Болатбаева Күләйса Білдебайқызын, сондай-ақ үлгілі қызметі, түрлі
іс-шараларда жеткен жетістігі үшін Қарашоқы ауылдық округінің бас маманы Жетпісбай Мейірлан Айдарұлын атап өтсек болады.
Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандану шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгерлеріңізге тікелей байланысты.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қадірлі әріптестер!
Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты.
Сондықтан, қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.
Киелі Күреңбел елі атанған шежірелі ауданымыздың ең басты рухани байлығы мен күш-қуаты да біздің қалыптасқан берік дәстүріміз бен мызғымас ынтымағымызда. Ауданымыздың әрбір табысы барлығымыздың да ортақ ісіміз, ортақ қуанышымыз.
Әрдайым елдігімізді, бірлігімізді көрсете алу, ауданымыздың абыройын асқақтату мемлекеттік қызметші ретіндегі басты борышымыз, қасиетті міндетіміз.
Мемлекеттік қызметшінің қиындығы да қуанышы да мол абыройлы қызметін атқаруда баршаңызға табыс тілеймін. Кәсіби төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Ауызбірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып, ортақ істеріміз табыс әкелсін. Отбасыларыңызда амандық-саулық, жанұяларыңызда құт-береке орнасын. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!