ҚҰРМЕТТІ
Киелі Күреңбел өлкесінің тұрғындары!
Қадірлі қонақтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін ұлыстың ұлы күні! Күн мен түннің теңескен, адам аузы ағарғанға мал тұяғы көкке тиген наурыз мейрамы. Бүл күні мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастаған шақ. Қыстан қысылып шыққан жұрт, барша өкпе ренішін ұмытып, кінәсін кешіп, бір-біріне тек жақсылық тілеседі. Көңілдің жаңаруы деген осы болса керек. Бұл күні наурыз көжемен қатар мал сойылып, қазан төңкеріледі. Әрине наурыз мерекесін ұлттық ойындарсыз елестету мүмкін емес. Жастар жиылып асық атып, арқан тарттысса, ересектер ұлттық қазақ күрес арқылы мейрамның шырайын кіргізеді.
Тіршіліктің жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні Әз- Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Ата - бабаларымыздан мұра болып қалған еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген бұл мейрам көпұлтты халқымыздың асыға күтетін мерекесі
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Халықтың аузын аққа жеткізіп, жерді нұрға бөлеген, Самарқанның көк тасы еріген күнді бүкіл түркітілдес ағайындар ерекше деңгейде атап өткен.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы да барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Көктем мезгіліндегі күн мен түннің теңелуін ежелден ата-бабаларымыз Ұлыстың ұлы күні деп атаған.
Наурыз – жыл басы ғана емес, бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – рухани тазару мен үйлесімнің, бейбітшілік пен берекенің символы.
Шуақты мерекеде тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен.
Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болды.
Наурыз айының 21-нен 22-іне қараған күн мен түннің теңесер тұсындағы ежелгі мейрам халқымыздың салтындағы қонақжайлылықты, ынтымақтастық пен береке-бірлікті көрсетеді.
Ұлыстың ұлы күні елдік, бірлік, берекелік, сипатын былай қойғанда, оның құндылығы сол – адамзатты инабаттылыққа, адамгершілікке, иманжүзділікке, ізгілікке баулиды.
Ізгі ниетті, игі дәстүрді,биік арманды және ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мерекеде біз еліміздің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларымыздың есімдерін де ұлықтаймыз.
Құрметті жерлестер!
Бұл күні күллі еліміз жаңарып, айналамыз нұрға бөлнеді. Біздер барлық күш-жігерімізді, ой-ниетіміз бен ісімізді Қазақстанның гүлденуіне бағыттаймыз!
Өкінішке қарай, пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы жаһандық экономикамен қатар біздің елімізге де айтарлықтай зардабын тигізді. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан өткеруде. Осыған орай, менің Жарлығыммен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Мемлекеттік комиссия құрылып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғау және еліміздегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қолға алынды.
Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыстау кезеңнен де сүрінбей өттік.
Өздеріңізге мәлім, 5 қаңтар күні елімізге террорлық шабуыл жасалып, еліміз бен жерімізді террорлық шабуылдан қорғау кезінде бірнеше әскери, ішкі істер қызметкерлері, ұлттық ұлан сарбаздары қаза тауып, бірнеше қалаларда ғимараттар бүлініп, талқандалды.
Осы сәтте ауданымыздың барынша қауіпсіздігін сақтау кезінде ауданнан барлық ерікті азаматтар шығып, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде үлкен ауызбіршілік танытып, бір жеңнен қол, бір жағадан- бас шығарып, күндіз-түні аумақты күзетті. Жауапты сәтте бірліктің үлгісін көрсете білген аудан тұрғындарына үлкен алғысымды білдіремін.
16 наурыз күні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауын жолдаған болатын. Президентіміз қаралы қаңтар оқиғасына кеңірек тоқталып, орын алған келеңсіздіктерді кеңінен атап өтті. Ел басына күн туған шақта жедел шешім қабылдап, мемлекетімізге төнген қауіпті еңсергені, халықпен бірге болғаны белгілі. Қаңтар оқиғасында жақындарынан айрылған отбасыларына көңіл айтты. Президент қабылдаған әр шешімнің халық үшін өзіндік орны ерекше. Қазақстан дамуы келесі кезеңге батыл қадам басты, биліктің елмен тығыз байланыста болатыны жанымызға жылу ұялатты. Еліміздің алдағы уақытта дамуында үлкен саяси өзгерімтерге бет бұрып, барлығы да жаңа Қазақстанды құруға бағытталатын болады. Республикамызда Жетісу, Абай,Ұлытау облыстарының, оның ішінде қазақтың біртуар перзенті, ұзақ жылдар бойы елімізді асқан шеберлікпен басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың атымен аталуын елдің талқысына қалдырды. Бұл ұлы бастаманы бүкіл ел болып қолдайтынына сенімім зор. Барлық бастамалары ел игілігі үшін жасалатыны, ауылшаруашылығына жасалатын жеңілдіктер, бизнесті тез арада қолдаудың жаңа мүмкіндіктері, осы орайда бюракратизмнің белең алмауын қатаң түрде ескертті. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, келешекке қадам басар тұста Президентімізді қолдауымыз керек!
Ел ішінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбірлікпен еңбек ететін кез келді. Қазақта іштен шалған жау жаман-деген қанатты сөз бар, маңдайымызға біткен бағымызды жоғалтып алмай,бағалай білгенге бақ қонатынын ескеріп, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын басшылыққа алып адал еңбек еткеніміз жөн. Халқының болашағы қатты толғандыратыны, қастерлі Отаны үшін аянбай еңбек ететін ел Президентін бір ауыздан қолдаймыз.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ауданымыз да жыл жайын көрейіп даму үсінде. Халыққа барынша тиімді жұмыстар атқарылып жатыр. Ауылдық жерлердің барынша дамып, гүлденуі үшін игі істер жасалуда.
Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір шаңыраққа бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкеліп,қыдыр дарып, бақ қонсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!