Қадірменді Ұлы Отан соғысының Тыл және еңбек
ардагерлері!
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін адамзат тарихында екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 77 жыл толды.
Жеңіс күні-батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!»
Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз.
Қазіргі таңда ауданымызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалмады, аудан бойынша ерен еңбектің үлгісі болған тыл еңбеккерлері ортамызда.
Тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды.
Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтала беретін болады. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ қаһармандық пен қайсарлық танытқан ардагерлерімізден үлгі алып, бой түзейді.
Халқымыздың жеңісі батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі!
Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктерді еселей түсу – біздің басты міндетіміз.
Тарихи деректерге сүйенсек, соғысқа 1 млн. 196 мың қазақстандық аттанып, олардың 601 мыңы майданда ерлікпен қаза тапқан.
Ауданымыздан 7220 - адам майданға аттанды.
Ерекше батырлығымен 11 мың 600 адам Кеңес Одағының батыры атағын алса, солардың ішіндегі 502 адам – қазақстандықтар.
Біздің мақтанышымызға айналған 97 Кеңес Одағының батырлары – қазақтар болса, соның ішіндегі 11 азамат Күреңбел өңірінің батырлары.
Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде өшпес ерлік көрсеткен 28 – гвардияшылардың 5-уі осы күреңбелдік азаматтар.
Олар: Яков Бондаренко, Илларион Васильев, Петр Дутов, Дмитрий Калейников, Иван Натаровтвр еді. Сол сұрапыл соғыста Алтынемелдік - Илья Каратаев, Жаңалықтық - Қожахмет Тышқанбаев, Сарыөзектік Георгий Вожокин, Николай Иванов, Николай Турченко, Егор Чуйковтар Кеңес одағының Батыры атағына ие болыпған.
Құрметті жерлестер!
1945 жылдың 9 мамырында Рейхстагтың мұнарасына Ұлы Жеңіс Туы орнатылып, бүкіл адамзат фашизмнің зардабынан біржолата құтылып, бейбіт өмірге оралды.
Жеңіс туы желбіреді!
Соғыс кезінде еңбек майданындағы ерліктері үшін көптеген орден және медальдармен марапатталып, бүгінгі күні немере-шөбере сүйіп отырған ауданымыздың 126 тыл еңбеккерлерінің айбынды тарихын біз ешқашан ұмытпаймыз.
Сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, жанған от пен жауған оқтың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғады.
Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Құрметті Ұлы Отан соғысы ардегерлері және жерлестер!
Сіздердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктеріңіз және бейбіт еңбектегі қалдырған іздеріңіз әрқашанда бізге өнеге.
Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде.
Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді.
Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.
Ерлікке толы тарихи күнде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!