Құрылым

"Қаратал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімі

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінің, облыс әкімі мен аудан әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасын, жоғарғы мемлекеттік органдардың нұсқаулық құжаттарының орындалуына бақылау мен тексеруді ұйымдастырады;
- Қала мен ауыл әкімдері аппаратарына нақтылы және әдістемелік көмек көрсетеді, облыс әкімі аппаратымен электронды байланысты жүзеге асырады, электронды техниканың техникалық жай-күйіне жауап береді.
- Әкім аппаратының перспективалық және ағымдағы жоспарлары жобаларын даярлау, әкімдіктің, әкім жанындағы кеңестер отырыстарын дайындау мәселелерін жүргізу.
- Аудан әкімі өткізетін жиналысы туралы жариялайды және дайындығын ұйымдастырады. Селекторлық режимде өтетін жиналыс туралы жариялайды және дайындығын ұйымдастырады.
- Сайлаулар (қала, ауыл округтері әкімдерінің) мен референдумдарды ұйымдастыру және өткізу сұрақтарымен, сайлаушылар тізімдерін дайындаумен айналысу.
- Әкімнің, оның орынбасарларының халықпен кездесулерін өткізеді, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

8 (72-834) 2-19-62

Электрондық пошта:

a.kalimoldina@zhetysu.gov.kz

Персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімі

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметтер бөлімінің міндеті аттестаттау, конкурстық, тәртіптік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілер арасындағы функционалдық міндеттерді айқындау және бөлу және оларды бақылау, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есепке алу болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларының толтырылуын, "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдардың, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның және "Әдеп кодексінің", еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын бақылау; Жергілікті жерлерде "ҚР мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Президенті Жарлығының орындалуын бақылау; аудан персоналын тиімді басқаруды ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (72-834) 2-02-04

Электрондық пошта:

zhangabylova@zhetysu.gov.kz

Жалпы және қаржы-шаруашылық бөлімі

Аудан әкімі аппаратының есебін жүргізеді, әкім актілерін тіркейді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын жасайды, жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың орындалуын бақылайды, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін дереу тіркейді, олардың қаралуын қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды ұйымдастырады, құжаттарды мұрағатқа тапсыруды ұйымдастырады, бөлімдерге, кенттер мен ауылдық округтерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Заңнамаға сәйкес, бұл құпия құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Толығырақ

Телефон:

8 (72-834) 2-12-57

Электрондық пошта:

zaure.zhabykbaeva@zhetysu.gov.kz