Жалпы ақпарат

Забиев Ә.Қ.
Забиев Әділбек Қазбекұлы

Елтай ауылдық округінің әкімі

Ауыл әкімінің аппараты туралы

Ауылдық округ әкімі  Забиев Адильбек  Казбекович 2024 жылдың    10 маусымда тағайындалды.

Округтің аумағы 30407,25 га құрайды.

Округке 2 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 1254 адам.

Қаражиде ауылы округ орталығы болып саналады, тұрғылықты халық саны – 974  адам, Сарыбұлақ ауылында 280 адам тұрады.

Округте 60  шаруашылық субъектісі бар.

Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 30218,25га құрайды, оның ішінде 667,31га суармалы егістік жері, 28 га шабындық, 29522,94 га жайылым.

Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған.

Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 27 шақырым (қатты жабын).

4G билайн кеңжолақты интернетпен 2 ауыл қамтылған.

Каражиде ауылында 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, сондай-ақ ауылдық мәдениет үйі, Елтай атындағы орта мектеп (183 оқушы оқиды, ғимарат 1972 жылы салынған), 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 кітапхана, 1 ветеренарлық пункт, 1 полиция пункті, 1 тойхана, 2 дүкен, Елтай ауылдық әкімдігі орналасқан.

Сарыбұлақ ауылында 1 медициналық пункт, 1 бастауыш мектеп 14 оқушы (2013 жылы салынған), 1 мешіт бар, 1 дүкен бар.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты