Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

2024 жылғы 01 сәуірден бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

  • Басқарма қызметін реттейтін құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда,
  • ұйымдастыру-басқару қызметінде.

 

  • Басқарманың қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда мынадай сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына тексерілетін болады:
  • құқықтық алшақтық;
  • құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы;
  • заңдық-лингвистикалық белгісіздік;
  • дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;
  • лауазымды адамдар міндетінің орнына құқық белгілеу;
  • адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын жоғары талаптар;
  • артық әкімшілік кедергілердің болуы;
  • функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау.
  • Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:
  • персоналды басқару;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • бақылау функцияларын іске асыру;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.