Жетісу облысы әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Талдықорғандағы 72 пәтерлі тұрғын үй кілттерін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзі

Жетісу облысы әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Талдықорғандағы 72 пәтерлі тұрғын үй
кілттерін тапсыру салтанатында
сөйлеген сөзі
Құрметті талдықорғандықтар!
Бүгін 36 отбасы жаңа пәтерге ие болып отыр. Өткен
аптада Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл
толуына орай тағы бір үй пайдалануға берілген
болатын.
Баспана – әрбір азаматтың баянды тіршілігінің,
отбасы берекесінің бастауы. Сондықтан қолжетімді
тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс
сапасын арттырудағы басты бағыттардың бірі.
Жалпы жыл соңына дейін облыста 322 мың шаршы
метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Соның 50%
бюджет есебінен салынады, бұл өткен жылдағы
көрсеткіштен 8 есе артық.
Бір Талдықорғанның өзінде биыл 51 көп пәтерлі
тұрғын үй қолданысқа беріледі. Шілдеде 3 көп пәтерлі
үй, тамызда 4 үй пайдалануға беріледі. Жалпы жыл
соңына дейін 2 мыңдай тұрғын баспаналы болады.
Бұл рекордтық көрсеткіш деуге болады. Сөйтіп
алдағы 3-4 жылда кезекте тұрғандар санын екі есеге
қысқартуға мүмкіндік туады.
Ең бастысы, бармақ басты, көз қыстылыққа
жол бермей, ашық жұмыс істеп, әділдік принципі
бойынша тұрғын үйлер халыққа кезек ретін сақтай
отырып берілуі керек. Оны халықтың өзі, қоғамдық
ұйымдар, белсенді азаматтар үнемі бақылап отыруы
тиіс. Несправедливо и незаконно, чтобы наши жители в
очереди на жилье стояли 15-20 лет.
Конечно в этом есть вина и местных
исполнительных органов, допускавших факты
незаконной выдачи жилья из госфонда с нарушением
очередности. Сейчас благодаря внедрению электронной
очереди в этой сфере наведен порядок, на это ушел
почти год. Теперь, наращивая объемы жилищного
строительства и обеспечивая прозрачность
распределения квартир, мы поэтапно обеспечим
население доступным жильем как за счет бюджета,
так и благодаря поддержке меценатов.
Еще раз поздравляю сегодняшних новоселов с
радостным событием, и пусть под обретенным вами
шаныраком царят мир, уют, достаток и согласие.
Шаңырақтарыңызға шаттық, қуаныш пен бақыт
тілеймін. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!