Выступление акима области Жетісу Бейбита Исабаева на торжественном мероприятии в честь года со дня образования области

Выступление акима области Жетісу Бейбита Исабаева на торжественном мероприятии в честь года со дня образования области

                                                                             Облыс әкімі
                                Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
                                     облыстың құрылғанына 1 жыл
                                     толуына байланысты өтетін
                      салтанатты жиындағы сөйлейтін сөзі

Құрметті жетісулықтар!
Қадірлі қауым!


Баршаңызды Жетісу облысының құрылғанына бір жыл толуымен құттықтаймын. Туған өлкеміз
көркейіп, өсіп-өркендей берсін. Өткен жылы 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен

Жетісу өз алдына жеке облыс болды. Шекарасы белгіленіп, бюджеті нақтыланды. Содан
бергі бір жыл ішінде әлеуметтік-экономикалықсалаларда, қоғамдық-саяси өмірде нақты қадам,
анық жоспарлары сәтті іске асырыла бастады. Ендіжыл сайын 8 маусым облыстың құрылған күні
ретінде аталып өтетін болады.Тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының бойында

орналасқан Жетісу аймағы – сулы, нулыөлке. Түгін тартсаң майы шығатын, шыбық шаншысаң
тал болатын жер. 800 мыңға жуық халқы бар бұл өңірдің адами ресурстары да, табиғи байлығы да
жеткілікті. Өткен жылы облыс құрылған 8 маусымда Жетісу аумағында 42 сәби өмірге келген еді.

Бүгін облыскүнінде сол кішкентай бүлдіршіндер бір жасқа толыпотыр. Қатар келген қос қуанышпен құттықтап, барлық аудан-қалалардағы сәбилердің атааналарына  бүгін арнайы сәлемімізді жолдадық.
Осы орайда біздің жас буын ұрпақтарымыз Жетісуды гүлдендіруге орасан зор үлес қосқан екі
мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов, Николай Головацкий, Зылиха Тамшыбаева,
бүгінде ортамызда жүрген Күләш Айтжанова сияқты аға ұрпақтың еңбегі мен ерлік жолын
жалғастырады деп сенеміз. Жетісу Қытай мен Еуропа арасындағы алтын
көпір, батысқа шығар қақпа болып отыр. Оған қоса мұнда Алакөл мен Балқаштай ғажайып
көлдеріміз, Орта Азиядағы ең үлкен Бұрқанбұлақ сарқырамасы, Айғайқұм, Тамшыбұлақ сияқты
туризмді дамытуға қолайлы тамаша табиғи орындарымыз жетерлік. Сондықтан Жетісудың жеке
дара облыс ретінде дамуына барлық мүмкіндік бар. Өткен жылы Мемлекет басшысы облысқа арнайы
келіп, жұртшылықпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік экономикалық басым бағыттарын айқындап,
бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, туризм, өңдеу
өнеркәсібі, жер қойнауын пайдалану салаларында іргелі жобаларды іске асыру, халықтың тұрмыс
сапасына тікелей әсер ететін таза ауыз сумен қамту, газдандыру, жол инфрақұрылымын жақсарту, білім
беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруды тапсырды.
Осыған орай өткен бір жыл ішінде мемлекет қолдауының және өңір халқының еселі еңбегінің
арқасында облысымызда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша облысымыз
республикада алғашқы төрт аймақтың қатарына қосылды. Соңғы жылдары іске қосылған «KazSilicon»
металлургия комбинаты, «Электромарганец» зауыты іргесін кеңейтуге қадам жасауда. Күреңбел
өңірінде Көксай мыс кенін өндіру қолға алынып жатыр. Бұдан басқа да жүзеге асырылатын іргелі
жобаларымыз бар. Осының барлығы халықтың табысын арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға
ықпал ететін болады. Бүгінгі күні облыстың 22 елді мекеніне газ құбыры тартылды. Жыл соңына дейін тағы 20 елді мекен көгілдір отынға қосылады. Биыл облыс көлемінде 322 мың шаршы метр
тұрғын үй салынады. Бір ғана Талдықорғанның өзінде 51 көп қабатты үй кезекте тұрған екі мыңға
жуық тұрғынға беріледі. Бүгін, міне, тағы бір 72 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін тапсырдық.
Осы жылы «Талдықорған - Өскемен» автожолының құрылысы толық бітеді, «Сарыөзек -
Көктал», «Лепсі - Балқаш» жолдарының құрылысы келесі жылы аяқталады. Өңірде жаңа мектептер, медициналық мекемелер, спорт нысандары да көптеп салынуда. Осының барлығы – халықтың өмір сүру
сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды шаралар. Біз алдағы уақытта да халықтың ұсыныс-пікірін
ескере отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды, кешенді шараларды ашықтық, әділдік принциптерін
ұстана отырып, одан әрі жалғастыра береміз. «Өнер алды – бірлік, бірлік алды – тірлік»
дейді халық даналығы. Береке-бірлік, татулық, өзара түсіністік бар
жерде тұрақтылыққа да, дамуға да қол жеткізуге болады. Отаншылдық, елжандылық деген туған өлкеңе,
туған аймағыңа қамқорлық жасаудан басталады. Өйткені ел – ортақ, жер – ортақ,
болашағымыз – ортақ. Осы орайда адал еңбек ету мен халыққа қалтқысыз қызмет ету арқылы Жетісу аймағын гүлдендіруге, көркейтуге бірлесіп атсалысу – баршамыздың міндетіміз. Осы ретте жыл сайын облыс күні қарсаңында Жетісуға қызметі мен еңбегі үшін арнайы сыйлығы тапсырылатын болады.
И достижению этой единой задачи способствует сохранение и укрепление единства в нашем
полиэтничном регионе. Такая позиция отвечает интересам жителей
всей нашей области, ведь для нас мир и согласие – это не только условие безопасности,
стабильности и дальнейшего развития, но и реальность, обусловленная образом жизни, общей
историей, любовью к родной земле и ответственностью за ее будущее.
В этом смысле формула «мы разные – мы равные» говорит сама за себя.

Дорогие земляки!
За год развития края Жетысу как самостоятельной административной единицы
определены приоритеты и перспективы развития на ближайшие пять лет. Главная цель –
повышение уровня жизни населения, в первую очередь за счет обеспечения рабочими местами, а
значит постоянным доходом, доступным жильем и качественной инфраструктурой.
В ближайшие два года за счет реализации инфраструктурных проектов обеспеченность
централизованным водоснабжением будет доведена до 100%, доля автодорог областного и
районного значения, находящихся в хорошем и удовлетворительном состоянии, – до 98%, уровень
газификации – 72%. Вкупе все это позволит экономике региона выйти на новый уровень развития и довести объем валового регионального продукта к 2025 году до 1,8 трлн. тенге.
Конечно добиться этих результатов будет невозможно без непосредственного участия жителей области, поэтому с этого года в день образования области Жетысу мы хотим заложить новую традицию – ежегодно поощрять жителей Жетысу специальной наградой за труд и особый вклад в развитие родного края. И это
неслучайно. Ведь как реки питают океан, так и каждый человек вносит свою значимую лепту в
общее дело. Надеемся, что это начинание станет примером для молодого поколения, наглядно
демонстрирующим значение и ценность труда. Құрметті жетісулықтар! Бүгінгі мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, бейбіт те берекелі өмір тілеймін.
Жетісу жерінің ырысы молайып, ынтымағымыз арта берсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!